Биыл жазда Бельгияда үш рет аптап ыстық болды.
Фото: Анадолу
ERNUR.KZ. Бельгияның Корольдік метеорологиялық институты (RMI) елде метеорологиялық бақылау тарихындағы ең ыстық жаз тіркелгенін мәлімдеді, деп жазады inform.kz.
Елде метеорологиялық бақылау жүргізіле бастаған 1833 жылдан бері алғаш рет жаздағы орташа температура Цельсий бойынша 20 градустан асты. Бұған дейінгі ең ыстық жаз 2018 жылы тіркеліп, орташа температура 19,9 градус болған.
Биыл жазда Бельгияда үш рет аптап ыстық болды. Оның ішінде 17-28 маусым аралығындағы алғашқы ыстық толқыны «ең ұзақ әрі қарқынды» болған.


