6 қаңтарда Парижде "ниеттестер коалициясының" жоғары деңгейдегі кездесуі өтті.
фото: Sputnik / Алексей Витвицкий
ERNUR.KZ. Бейбіт келісімге қол қойылғаннан кейін бірден Украина аумағында шетел әскері орналастырылады. Бұл туралы НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте Украина Жоғарғы радасында мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Бейбіт келісім жасала салысымен, келісім берген НАТО елдерінің қарулы күштері Украинада орналастырылады, әуе кеңістігінде, теңізде қолдау көрсетіледі", – деді Рютте.
Оның мәлімдемесін Украинаның "Рада" телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.
6 қаңтарда Парижде "ниеттестер коалициясының" жоғары деңгейдегі кездесуі өтті. Кездесу барысында Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беру мәселесі де талқыланды. Оған АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф және АҚШ лидерінің күйеу баласы Джаред Кушнер қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша келісілген құжатқа сәйкес, "ниеттестер коалициясы"Украинаны ұзақ мерзімді әскери қолдауын жалғастыруға келісіп, бейбіт келісім жасалған жағдайда әскер орналастыру туралы декларацияға қол қойды.
Ал Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі НАТО-ға мүше мемлекеттердің әскерін Украинаға орналастырудың кез келген сценарийін Ресей қабылдамайтынын және жағдайдың күрт ушығуына әкелетінін мәлімдеді.


