Полиция қанды оқиғаны терракт деп бағалады.
Фото: Getty Images
ERNUR.KZ. Сиднейдің әйгілі Бонди-Бич жағажайында әкелі-балалы екі адам демалушыларға оқ жаудырған, салдарына 15 адам қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, адамдарға оқ жаудырған 50 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмған, ал оның 24 жастағы ұлы ауыр халде ауруханаға түсті.
Мыңдаған адам Ханука мерекесін атап өту үшін, Бонди-Бич жағажайына жиналған. Куәгерлердің айтуынша, жағажайда адам қарасы қалың болған, ал атыс шамамен 10 минутқа созылған. 40 адам ауруханаға түскен, олардың ішінде екі полиция қызметкері ауыр жағдайда жатыр. Зардап шеккендердің жасы 10 бен 87 жас аралығындағы адамдар.
Полиция өкілдері атысқа әдейі жасалған антисемиттік шабуыл деген сипат берді. Сондай-ақ шабуылдаушыларға тиесілі болуы мүмкін көліктен бірнеше қолдан жасалған жарылғыш құрылғы табылғаны хабарланды.
Полиция комиссары Мэл Лэньонның айтуынша, 50 жастағы күдікті ату клубының мүшесі болған және әуесқой аңшылыққа арналған атыс қаруын ұстап жүруге рұқсаты болған.
Австралияның ішкі істер министрі Тони Берк күдіктінің 1998 жылы студенттік визамен келгенін, ал оның ұлы Австралия азаматы екенін нақтылады.


