Аргентинада су тасқыны болды

0
198

Адамдарды құтқару үшін өрт сөндірушілер, азаматтық қорғаныс күштері және полиция жұмылдырылды.


Аргентинада су тасқыны болды

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Бірнеше күн қатарынан жауған толассыз жаңбыр Аргентинаның Буэнос-Айрес провинциясында су тасқынын тудырды, деп жазады zakon.kz.

Адамдарды құтқару үшін өрт сөндірушілер, азаматтық қорғаныс күштері және полиция жұмылдырылды. La Nacion басылымының жазуынша, билік апатқа климаттың өзгеруін кінәлап отыр.

Қазірдің өзінде жеті мыңнан астам адам эвакуацияланды. Құтқару жұмыстарына шамамен 300 өрт сөндіруші, азаматтық қорғаныс күштері және полиция қызметкерлері қатысуда. Олар адамдарды құтқару үшін барлық қолжетімді жүзу құралдарын, соның ішінде резеңке қайықтар мен байдаркаларды пайдалануда.

Жергілікті биліктің ақпаратынша, соңғы үш күнде аймаққа 300-ден 400 мм-ге дейін жауын-шашын түскен. Мұнымен қоса, Чако, Корриентес, Энтре-Риос, Формоса, Мисьонес және Санта-Фе провинцияларында күтілетін дауылға байланысты сары деңгейдегі ескерту жарияланды.