Әлемде уран бағасы өсті

0
95

Қаңтар айында уранның бағасы бір фунт үшін 85 долларға жетті.


Әлемде уран бағасы өсті

Фото: Максим Стулов/Ведомости

ERNUR.KZ. Бұл – кейінгі 17 айдағы ең жоғары көрсеткіш, деп жазады inbusiness.kz.

Бағаның күрт өсуіне инвестициялық қорлар тарапынан сұраныстың артуы себеп. Сарапшылардың айтуынша, шикізатқа қызығушылық АҚШ билігі уранды байыту кәсіпорындарын салуға рұқсат алу талаптарын жеңілдеткеннен кейін артқан.

Сондай-ақ жаңа атом электр станцияларын салу жоспарын жариялаған еді. Мамандар баға әлі де өсуі мүмкін деп отыр.

Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың болжамынша, 2030 жылға қарай әлемде уранға сұраныс 28%-ға артуы мүмкін.