Акуланы суретке түсірмек болған әйел екі бірдей қолынан айырылып қалды

0
109

Оқиғаның куәсі болған канадалықтың күйеуі бірден суға секіріп, өз өмірін қатерге тігіп, жыртқышты үркітуге тырысады.


Акуланы суретке түсірмек болған әйел екі бірдей қолынан айырылып қалды

ERNUR.KZ. Канадалық турист Теркс және Кайкос аралдарының жағалауында акулаға жем бола жаздады, деп жазады Stan.kz.

55 жастағы әйел жағалаудан небәрі бірнеше метр жерде шомылып жүрген кезде қасында акула барын байқайды. Турист балыққа жақындап, оны суретке түсірмек болған. Алайда акула әйелге тап беріп, камера ұстап тұрған қолын тістеп алады.

Оқиғаның куәсі болған канадалықтың күйеуі бірден суға секіріп, өз өмірін қатерге тігіп, жыртқышты үркітуге тырысады. Ауыр жарақаттарға қарамастан, зардап шеккен әйел күйеуінің көмегімен жағалауға жеткен. Оның екі қолы мен жамбасы зақымданған. Куәгерлер жедел-жәрдем келгенше сүлгілермен қан тоқтатуға тырысқан.

Салдарынан әйел екі қолынан айырылды: бір қолы білезік тұсынан, екіншісі шынтақтан төмен ампутацияланған.

Акуланың ұзындығы шамамен 1,8 метр деп бағаланады. Түрі ресми түрде анықталмаған, алайда әлеуметтік желілерде бұл доғал тұмсықты акула болуы мүмкін деген болжам айтылды.