Ақтаудағы ұшақ апаты: тірі қалған бортсерік бір жылдан кейін жұмысына қайта оралды (ВИДЕО)

0
88

Әуе компаниясы видео жариялады.


Ақтаудағы ұшақ апаты: тірі қалған бортсерік бір жылдан кейін жұмысына қайта оралды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Ақтау маңындағы AZAL әуе компаниясының ұшақ апатынан бір жыл өткен соң, апаттан аман қалған бортсерік Айдан Рагимли қайтадан өз қызметіне оралды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ол бүгінде де өз міндетін кәсіби деңгейде, үлкен жауапкершілікпен атқарып жүр.Бұл туралы AZAL әуе компаниясының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланған видеода хабарланды.

«Кейде сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес, бірақ өмір жолы жалғаса береді. J2-8243 Баку–Грозный рейсі Айдан Рагимлидің өмірінде мәңгілікке сақталатын ерекше сәт болды. Бүгінде ол бастан кешкенін жүрегінде сақтай отырып, өмірдің жалғасатынын түсініп, өз жұмысын бұрынғыдай мұқият әрі жауапкершілікпен атқаруға кірісті», - делінген бейнеролик сипаттамасында.

Еске салайық, әуе апаты 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау қаласы маңында болды. AZAL әуе компаниясының Баку–Грозный бағытындағы жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде экипаждың бес мүшесі болған. Қайғылы оқиға салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 жолаушы аман қалды.