АҚШ Венесуэла президентін жұбайымен бірге ұстады — Трамп

0
167

Конференция 3 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 21:00-де Трамптың Мар-а-Лаго резиденциясында өтпек.


АҚШ Венесуэла президентін жұбайымен бірге ұстады — Трамп

РИА Новости

ERNUR.KZ. АҚШ Венесуэлаға қарсы ауқымды арнайы операция жүргізіп, ел президенті Николас Мадуроны жұбайымен бірге ұстады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Трамптың айтуынша, операция АҚШ-тың құқық қорғау органдарының қатысуымен жүзеге асқан. Ұсталғаннан кейін Мадуро мен оның жұбайы Венесуэладан эвакуацияланған.

"Бұл операция АҚШ-тың құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілді", - деп жазды Трамп.

Сондай-ақ АҚШ президенті Венесуэладағы ахуалға байланысты арнайы баспасөз конференциясы өтетінін мәлімдеді.

Конференция 3 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 21:00-де Трамптың Мар-а-Лаго резиденциясында өтпек.