АҚШ-та қалың қардан 10 мыңнан астам рейс тоқтатылды

0
146

Ассошиэйтед Пресс агенттігінің мәліметінше, Нью-Йорк қаласының кейбір аудандарында 15 сантиметрден астам қар түскен, ал Нью-Йорк штатының кейбір аймақтарында қардың қалыңдығы 25 сантиметрге жеткен.


АҚШ-та қалың қардан 10 мыңнан астам рейс тоқтатылды

Фото: Ru.freepik.com

ERNUR.KZ. FlightAware онлайн-қызметінің мәліметінше, АҚШ-та қалың қар жауып, ауа райы қолайсыз болғандықтан 10 мыңнан астам рейс тоқтатылып, кешіктірілді, деп жазады stan.kz.

“Мәскеу уақытымен сағат 5:10 жағдай бойынша АҚШ ішінде және елге кіретін немесе елден шығатын рейстердің жалпы саны 999-ы тоқтатылып, кешіктірілген рейстер саны 9010-ға жетті”, – делінген хабарламада.

Ассошиэйтед Пресс агенттігінің мәліметінше, Нью-Йорк қаласының кейбір аудандарында 15 сантиметрден астам қар түскен, ал Нью-Йорк штатының кейбір аймақтарында қардың қалыңдығы 25 сантиметрге жеткен.

Нью-Джерси және Пенсильвания штаттарында кейбір жолдарға, соның ішінде көптеген штатаралық автомагистральдарға коммерциялық көліктің қозғалысына шектеу енгізілді.

“Дауыл солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай жылжып келеді”, – деп ескертті синоптиктер.