АҚШ Иранмен сауда жасайтын елдерден келетін импортқа қосымша баж салығын енгізбек

0
110

Аталған шаралар 7 ақпаннан бастап күшіне енеді.


АҚШ Иранмен сауда жасайтын елдерден келетін импортқа қосымша баж салығын енгізбек

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп Ираннан тауарлар мен қызметтерді сатып алатын мемлекеттерде өндірілген өнімдерге қатысты қосымша кедендік алым салуды қарастыратын атқарушы жарлыққа қол қойды, деп жазады inbusiness.kz.


Құжатқа сәйкес, АҚШ-қа импортталатын және Иранмен тікелей немесе жанама түрде сауда жасайтын елдерде өндірілген тауарларға адвалорлық, яғни өнімнің құнына байланысты есептелетін қосымша баж салығы қолданылуы мүмкін. Мұндай алымның мөлшері 25 пайызға дейін жетуі ықтимал.

Аталған шаралар 7 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Сонымен қатар жарлықта Вашингтон билігінің Иранға қарсы бұрын енгізілген экономикалық санкциялардың құқықтық негізі болып келген төтенше жағдай режимін ұзарту қажет деп есептейтіні айтылған.

Құжатта Тегеранның қазіргі саясаты АҚШ үшін әлі де ерекше әрі төтенше қатер төндіріп отырғаны атап өтіледі.