“Африканы кішірейтіп көрсеткен”: БҰҰ Меркатор картадан бас тартуға шақырды

0
74

Бұл бастаманы Африка елдері ұсынған.


“Африканы кішірейтіп көрсеткен”: БҰҰ Меркатор картадан бас тартуға шақырды

Фото: reuters.com

ERNUR.KZ. Олар бұл карта құрлықтың әлемдегі рөлін төмендететінін айтады, деп жазады inbusiness.kz.

Осылайша, БҰҰ 16 ғасырдан бері қолданылып келе жатқан Меркатор картасынан біртіндеп бас тартып, құрлықтар мен мемлекеттердің аумағын шынайы көлеміне жақынырақ көрсететін картаға көшу туралы қарарды қолдады. Бастаманы Африка одағының картографиялық жүйені өзгерту науқанын жалғастыру үшін Того көтерген. Батыс Африка елі жаңа картаны жыл соңына дейін мектептерде қолдануды жоспарлап отыр.

Мәселе – ғасырлар бойы кеңінен қолданылып келген Меркатор картасының Жердің шар тәрізді пішінін жазықтықта көрсету ерекшелігіне байланысты кейбір құрлықтың көлемін бұрмалауында. Әсіресе, полюстерге жақын орналасқан аумақтар картада шынайы көлемінен әлдеқайда үлкен болып көрінеді.

Мысалы, Меркатор картасында Гренландия Африкамен шамалас аумақта көрінеді. Ал шын мәнінде Африка құрлығы Гренландиядан 14 есе үлкен.

Африка елдері мұндай картаның ондаған жыл бойы қолданылуы құрлықтың көлемі мен маңызын қабылдауға әсер еткенін айтып келеді. Сондықтан, олар елдер мен құрлықтардың арақатынасын дәлірек көрсететін Equal Earth картасын кеңінен енгізуді ұсынып отыр.

БҰҰ-дағы дауыс беру кезінде АҚШ қарарға қарсы шыққан жалғыз мемлекет болды.