"6 күнге созылады": Алдағы күндері Жерде магнит дауылы болады

0
71

Ғалымдардың есебінше, Жер шары сол ағынның аймағына сенбіден жексенбіге қараған түні (13-тен 14 қыркүйекке) түседі.


Фото: istockphoto.com
Алдағы күндері Жерде магнит дауыл болады деп болжанады, деп жазады Stan.kz.

Ресей ғылым академиясының ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы зертханасы қазір Күнде ірі корональды ойық пайда болып, одан Жерге қарай күн желінің ағыны қозғалып келе жатқанын мәлімдеді.

Ғалымдардың есебінше, Жер шары сол ағынның аймағына сенбіден жексенбіге қараған түні (13-тен 14 қыркүйекке) түседі. Сол сәттен бастап күн желінің жылдамдығы арта бастайды.

“Жаңа корональды ойықтан туындайтын геомагниттік бұзылыстар 6 күнге созылуы мүмкін. Шарықтау кезеңі 14–16 қыркүйек арасында болады деп болжанған”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ғалымдар қыркүйек айының геомагниттік белсенділігі әдеттегіден жоғары екенін атап өтті.

“Айдың алғашқы 10 күнінде 3 магнит дауылы болды, яғни әр 3 күн сайын бір оқиға тіркелді. Бұл тамыз айындағы көрсеткіштен 10 есе жиі, тамызда 31 күнде тек бір дауыл ғана тіркелген”, – дейді ғалымдар.