Әйел бір күнде бір ұл және төрт қыздың анасы атанды.
Фото: ЖИ
ERNUR.KZ. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында тұратын 24 жастағы қытайлық әйел бес егізді дүниеге әкелді, деп жазады Stan.kz.
Әйел бір күнде бір ұл және төрт қыздың анасы атанды. "People's Daily" газетінің мәліметі бойынша, табиғи жолмен бес егізді дүниеге әкелу мүмкіндігі 60 миллионнан бірге тең.
Сәбилер жүктіліктің 28 аптасында дүниеге келді. Біріншісі – 990 грамм салмақтағы ұл, одан кейін 1020 грамм, 970 грамм, 1030 грамм және 870 грамм салмақтағы қыздар дүниеге келді. Жаңа туған нәрестелер Апгар шкаласы бойынша 10 балдан 6 балл алды, денсаулығы қанағаттанарлық деп саналады.
Бес егіз қазір неонаталдық бөлімдегі дәрігерлердің бақылауында. Өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.


