15 жастағы қызды 28 жастағы ер адамға күштеп тұрмысқа берген

0
125

Ескертуге қарамастан, отбасы 2025 жылдың 10 тамызында үйлену тойын өткізген.


15 жастағы қызды 28 жастағы ер адамға күштеп тұрмысқа берген

Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Өзбекстанның Сурхандария облысында 15 жастағы қызды 28 жастағы ер адамға күштеп тұрмысқа берген, деп жазады Stan.kz.




Бұл туралы Өзбекстанның ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігі хабарлады.

Агенттік мәліметінше, 2025 жылдың шілде айында махалле басшысы мен әлеуметтік қызметкерлер қыздың отбасының жасөспірімді тұрмысқа беру ниеті бар екенін білген. Олар тексеру жүргізіп, баланы тұрмысқа беру заңсыз екенін атап өтіп, ресми ескерту жасаған көрінеді.

Ескертуге қарамастан, отбасы 2025 жылдың 10 тамызында үйлену тойын өткізген.

Желіде тараған видеода қыз ағасы шашын алып тастағанын, кеткісі келетінін айтады.

Қыздың әкесі мәлімдеме жасап, қызының тұрмысқа шыққалы жатқанын білмегенін айтты. Ер адамның айтуынша, бұрынғы әйелі бес жыл бұрын Мәскеуге жұмыс істеуге кетіп, ал қызы нағашы әжесінің қолында қалыпты. Әжесі қыздың әкесімен кездесуіне тыйым салған.

Қазір іс құқық қорғау органдарының қарауында. Жасөспірімге үйленген 28 жастағы ер адамның үсітнен “16 жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ шариғат бойынша неке қию рәсімін өткізген 75 жастағы ер адам да жауапершілікке тартылмақ.