​ТОЛЫҚША келгендер арықтарға қарағанда ЛӘЗЗАТқа жиірек батады

0
335

Дене бітіміңізден ұялмаңыз, әркімнің өз артықшылығы бар


​ТОЛЫҚША келгендер арықтарға қарағанда ЛӘЗЗАТқа жиірек батады

Сурет: ЖИ

Кім тартымдырақ – арық, нәзік арулар ма, әлде томпақ келген, толықсып тұрған қыздар ма? Бұл сұрақтың төңірегінде шексіз дауласуға болады. Бірақ ғалымдар мен сексологтар бұл майданда әлдеқашан нүкте қойған:

Мінсіз дене бітімі деген ұғым атымен жоқ! Кез келген мүсін түрінің, әрбір дене пішінінің өзіне ғана тән баурап алатын сиқыры мен ерекше артықшылығы бар.

Денеңізді жасыруды тоқтатып, оның жасырын мүмкіндіктерін ашатын уақыт келді. Ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, өз фигураңыздың басты артықшылықтарын бірге анықтап көрейік!


Толық пішін – мол эстрогеннің ортасы

Лидс университетінің мамандары қызықты тұжырым жасады: кең бөкселі, толықша келген арулар ерлі-зайыптық қарым-қатынасқа, төсектегі батыл фантазияларға әлдеқайда ашық әрі бейім келеді екен.

Ғалымдар мұны табиғаттың бейсаналық деңгейіндегі инстинктерімен түсіндіреді. Мұндай дене бітімі көп және дені сау ұрпақ жалғастыруға деген генетикалық ұмтылыстан туындайды. Бұған қоса, толықша формалы әйелдерде эстроген гормонының деңгейі жоғары болады. Бұл оларға ерекше жұмсақтық, сезімталдық пен әйелге тән магнитше тартымдылық сыйлайды. Толықша арулардың тері асты май қабатының орналасуына байланысты бел, бөксе және сан аймақтары жанасуға өте сезімтал келеді, бұл төсектегі сезімталдықты екі есе арттыра түседі.

Нобель сыйлығының лауреаты, америкалық белгілі генетик Джеймс Уотсон толықша келген сұлулардың арық қыздарға қарағанда төсек ләззатын әлдеқайда жиі әрі тереңірек сезінетінін дәлелдеді. Ғалымның бұл сенсациялық зерттеуі әйел қанындағы «бақыт гормоны» эндорфин мөлшерінің оның денесіндегі килограммдарға тура пропорционал екенін көрсеткен. Яғни салмақ неғұрлым толық болса, ағзаның ләззат алу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары!

Оған қоса, бұл жерде тек гормондар емес, психологиялық еркіндік те үлкен рөл атқарады. Өз денесін бар болмысымен қабылдаған толықша арулар төсекте артық комплекстерге бой алдырмайды: олар жарықты өшіруді талап етпейді, өзін қысып ұстамайды және процесс кезінде барынша босаңси алады. Ал сексологтардың айтуынша, дәл осы ішкі еркіндік пен өз-өзіне деген сенімділік ер адамдарды екі есе баурап, олардың да қызуын арттыра түседі.


Нәзік дене құрылысы еркіндік сыйлайды

«Жігіттерге неге көбіне арық, кішкентай әрі сымбатты арулар қатты ұнайды?» деген сұраққа ғалымдар нақты жауап тапты. Бар сыр физика мен биологияда! Денесі кішігірім қыздардың ауырлық орталығы төменірек орналасқан, бұл оларға ерекше икемділік пен серпімділік сыйлайды. Бұл ерекшелік төсекте түрлі позициялар мен батыл эксперименттерге толық еркіндік береді. Олар бойшаң қыздардың қолынан келе бермейтін күрделі әрі икемді қозғалыстарды оңай жасай алады. Бұған қоса, мұндай кішкентай арулармен орын таңдауда да шектеу жоқ, кез келген ортада өзін еркін сезінеді.

Психологиялық тұрғыдан алсақ, арық қыздарда мойын, бұғана және омыртқа жотасының бойындағы жүйке ұштары ашық орналасады. Бұл олардың жанасуға өте сезімтал келетінін және жеңіл аймалаудың өзінен үлкен ләззат ала алатынын білдіреді.

Дене пішініне байланысты эрогенді зоналардың орналасуы мен сезімталдығы өзгереді. Толықша аруларда тері асты май қабатының орналасуына байланысты бел, бөксе және сан аймақтары жанасуға өте сезімтал келеді. Ал арық қыздарда омыртқа жотасы, бұғана және мойын аймағындағы жүйке ұштары жанасуды тез қабылдайды.


Тым арық болу да кемшілік емес

Батыс Шотландия университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу өте арық әрі нәзік арулардың иелеріне қатысты қызықты жаңалық ашты. Ер-азаматтар дал осындай қыздарға өмірде ғана емес, төсекте де максималды түрде ләззат сыйлауға көбірек тырысады екен. Мұның сыры ер адамның инстинктивті түрде қамқорлық танытуға ұмтылуында жатыр. Арық, нәзік сұлудың қасында серіктес өзін нағыз «қорғаушы» сезінеді. Соның әсерінен ол әрбір әрекетіне мән беріп, сұлуына «жақсылық» жасау үшін барын салады. Бұған қоса, арық қыздардың денесіндегі сезімтал нүктелерге жанасу әлдеқайда оңай әрі анық білінеді, бұл серіктестің іс-әрекетін дәлірек әрі нәтижелі ете түседі.


Ұзын аяқ – табиғи эстетика мен тартымдылық

Вроцлав университетінің ғалымдары еркектердің бейсаналық деңгейіндегі қызықты құпиясын ашты. Ер-азаматтар бойшаң, ұзын аяқты қыздарды денсаулығы мықты, генетикасы таза әрі сау ұрпақ әкелуге толық қабілетті деп қабылдайды екен. Бұл мыңдаған жылдар бойы сұрыпталып келген табиғи инстинкт.

Сонымен қатар, ұзын аяқ визуалды түрде мүсінді сымбатты көрсетіп қана қоймай, кинетикалық эстетиканы арттырады. Жігіттер үшін мұндай арулармен қарым-қатынаста болу өзін мықты, сері әрі жеңімпаз сезінуге мүмкіндік береді.


Спорттық дене бітімі – жоғары темпераментке тең

Белсенді спортпен айналысатын, тығыз әрі ширақ денелі арулардың бойында тестостерон гормонының үлесі сәл жоғарырақ болады. Жұрт бұл гормонды тек еркектерге тән деп ойлағанымен, әйел ағзасында ол сексуалды драйв пен либидоға тікелей жауап береді.

Соның арқасында мұндай қыздар төсекте ерекше темпераментімен, жоғары энергиясымен және батылдығымен көзге түседі. Олар серіктесінің қадам жасауын күтіп отырмай, тізгінді өз қолына алудан, бірінші болып бастама көтеруден және төсек қатынасына жаңа леп енгізуден еш жасқанбайды. Физикалық тұрғыдан шымыр әрі шыдамды болуы да қосымша артықшылық.

Сексологтардың айтуынша, ер адам үшін әйелдің салмағынан бұрын оның өз денесіне деген сенімділігі маңызды. Өз денесін қабылдаған бодипозитив әйел төсекте жарықты өшіруді талап етпейді, комплекстерден бос болады және максималды түрде босаңси алады. Бұл ер адамды екі есе еліктіреді.

Мінсіз фигура мен ойдан шығарылған «90-60-90» стандарты тек сән журналдарының мұқабасында немесе фотошопталған суреттерде ғана бар. Ал шынайы өмірде өзіндік ерекшелігі мен кішігірім «кемшілігі» бар кез келген дене пішіні өзіне тән баурап алатын сиқырға, қайталанбас құпияға және өзгеше магнитизмге ие.

Сондықтан айнадағы бейнеңізге қарап босқа комплекске түсуді және денеңізді жасыруды дәл қазір тоқтатыңыз. Ең бастысы, өз денеңізді бар болмысымен қабылдап, оны сүю!

Дайындаған: Ханбибі ОРАЛ,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

КИНО көру – РОМАНТИКА ма, әлде қарым-қатынастың ТОҚЫРАУЫ ма?

Киноиндустрияда ЦИФРЛЫҚ АКТЕРлер мен РОБОТ-РЕЖИССЕРлер пайда болды

ЖАТТЫҒУ кезінде немесе ЖҮГІРГЕНДЕ бір бүйіріңіз ауыра ма?