Хабарландыруды жариялауға ұсынылатын уақыт – таңертең, сағат 7:00–11:00 аралығы.
Сатуға қолайлы күндер
Жалпы нумерологиялық есептеулер бойынша, әр айдың 1, 3, 5, 6, 9-жұлдыздары – сатылым үшін сәтті күндер.
Апта күнінен – сейсенбі, бейсенбі, жұма күндері сәттілік әкеледі.
Бұдан бөлек, әр адамның туған күн, ай, жылы бойынша сәтті сандарына есеп жасап, сол арқылы жеке сәттілік күндерін қолдануға да болады.
Бағаны дұрыс белгілеу
Үй-жай саудасының сәтті, құнының өз қалауыңыздағыдай болуында бағадағы сандар да маңызды рөл атқарады. Әсіресе, соңғы сандарға мән беріңіз.
Үй бағасының соңғы саны ретінде қолданылатын 1-ден 9-ға дейінгі сандардың нумерологиялық сипаттамасы:
1 — Бастама
2 — Үйлесім
3 — Шабыт
4 — Тұрақтылық
5 — Қозғалыс
6 — Жайлылық
7 — Тереңдік
8 — Байлық
9 — Аяқталу
Осы үйді сату барысында немесе одан кейін қай әсерді көбірек қалайсыз? Тез сатылуы болса, 9 – аяқталуды таңдаңыз. Неғұрлым жоғарырақ бағаға өткенін қаласаңыз, соңғы санын 8 (байлық) қылып қойыңыз. Мүмкін осы үйдің ақшасына жаңа кәсіп бастағалы жүрген шығарсыз. Ол жағдайда бағаның соңғы саны 1 (бастама) болсын. Өз үйіңізге және оның жаңа иелеріне ниетіңіз өте жақсы болса, құнын 2-мен (үйлесім) аяқтаған абзал.
Мысалы, 45 000 000 орнына 44 999 000 немесе 45 888 000 теңге деуге болады.
Хабарландыру жариялау күні мен уақыты
Жылжымайтын мүлік саудасында бұл да өте маңызды.
Нумерология мен энергетикалық көзқарас бойынша, хабарландыруды тәуліктің қараңғы кезінде (кешке не түнде) жариялау бірнеше ықтимал теріс әсерге ие болуы мүмкін. Мәселен, энергия ағыны баяулайды. Қараңғы уақыт – пассив энергияның кезеңі (инь), ал сату процесі – белсенді (ян) әрекет. Сондықтан бұл кезде берілген хабарландыру клиент тартуға әлсіз болады, қызығушылық төмен болуы мүмкін.
Психологиялық әсері де төмен болады дейді болжамшылар. Адамдар түнде шаршаңқы, шешім қабылдауға бейім емес күйде болады. Олар жай қарап шығып, ертеңіне ұмытып кетуі мүмкін.
Үшінші бір себебі, нумерологияда түн – аяқталу мен тынығу кезеңі. Хабарлама «жаңа бастама» емес, «аяқталу» күйінде қабылдануы мүмкін. Бұл «жабық» энергия қалпын шақырады
Хабарландыруды жариялауға ұсынылатын уақыт – таңертең, сағат 7:00–11:00 аралығы. Тәуліктің осы бөлігінде күннің белсенділігі артып, жаңа энергия ағыны ашылады. Адамдар сергек, жаңа ақпаратты жақсы қабылдайды.
Жалпы алғанда, жарық мезгіл – жаңа мүмкіндіктер мен сәттілікке ашық.
Сондай-ақ, сәтті күндер мен сандарға сәйкестендіруге болады. Мысалы, 3, 5, 6 немесе 8 санына сай келетін күндері таңертең хабарландыру беру жақсы әсер етеді.
Дайындаған: А. Керімбек,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: