Нағыз ЛИДЕРЛЕР қай күні ДҮНИЕГЕ келеді?

0
256

Нумерология арқылы туған күніне қарап адамның мансабы мен жеке өмірі қандай болатынын білуге болады.


Нағыз ЛИДЕРЛЕР қай күні ДҮНИЕГЕ келеді?

Адамның туған күніне қарай психотипін түсіну оның күшті тұстарын және әлеуетін жақсырақ тануға көмектеседі. Бұл білім мамандық таңдауға, қарым-қатынас құруға және тұлғалық даму жолына негіз бола алады.

Нумерология арқылы туған күніне қарап адамның мансабы мен жеке өмірі қандай болатынын білуге болады. Дәл қазір айдың 9, 18 және 27-жұлдыздарында дүниеге келгендерге назар аударамыз.

Нумерологтар 9, 18 және 27-сінде туғандар туралы көп нәрсе айтып бере алады. Бұл күндері туғандардың «өмірлік жол» нөмірі – 9 саны. Олардың жауынгерлік рухы өте мықты, нағыз көшбасшы, күрескер тұлғалар. Бұл адамдарға креативтілік, тәуелсіздік, көшбасшылық, идеализм және гуманизм тән. Олар өз ашу-ызасын конструктивті арнаға бұруды үйренуі керек.

Басқалармен қарым-қатынаста олар өз пікірін қызу қорғайды, өте қайсар, қырсық. Өзгелердің уәжіне келісе салу олар үшін қиын. Кейде бұл қатыгездікке дейін жетуі, олармен сөйлесу қабырғаға сөйлегенмен бірдей болуы мүмкін.

«Тоғыздықтардың» оң жамбасына келетін, мансап шыңына жетелейтін салалар: саясат, жылжымайтын мүлік, спорт, әскер, бизнес және қаржы басқару.


9-ында туғандар...

Бір қарағанда сабырлы және тыныш көрінгенімен, олар табиғатынан агрессивті, ашуланшақ. Ым-ишарасы көп және қатты сөйлейді. Олармен таласу өте қиын. Белсенді, қызуқанды және тез шешім қабылдауға бейім. Өте сезімтал, сонымен бірге мінезді, батыл. Ішкі әлемі терең, идеалист.

Билікке құмар. Шешім қабылдауда батыл, бірақ кейде эмоцияға қатты беріледі. Батылдығының арқасында үлкен ұжымды бірден басқарып кетеді.

Өмірлік миссиясы – адамдарға көмектесу, қорған болу. Әділетсіздікке төзе алмайды – сондықтан жиі күрескер, құқық қорғаушы, қоғам белсендісі рөліне тартылады.

Сонымен қатар, ауыр жұмыстан қорықпайды, күрделі тапсырмалардан тайсақтамайды. Әрқашан жағдайды жіті бақылауда, уысында ұстай алатын зейінді қызметкерлер. Туа біткен іскерлігі мен ақшаны басқару қабілеті бар.


18-інде туғандар...

Импульсивті, тілі ащы, эгоист және есепшіл. Ерік-жігері мықты, стратег, көшбасшы.

Жас кезінде тепе-теңдікті сезіну жетіспейді, сондықтан өзгенің көзқарасын түсінбеуі мүмкін, қырсық әрі қатыгез болады. Әрекетшіл, қаржылық тұрғыдан қабілетті. Қарапайым өмірден гөрі үлкен жетістіктерге ұмтылады. Көбіне өз дегенін істейді, қырсықтау болуы мүмкін. Ақыл мен эмоция арасында күрес бар.

Жауынгерлік рухының арқасында мансап жолында алға сенімді қадам басады. Бірақ бойындағы өзімшілдік, қатыгездікке бейімдік, сабырдың жетіспеуі, ашу-ызасын ауыздықтай алмайтын осалдығы жеке өміріне сынақ болып, бірқатар қиындықтар әкеледі. Егер өзімен жұмыс істесе, мейірімді әрі сезімтал бола алады.

Рухани әлемі мен білімін, қабілеттерін жан-жақты дамытқан жағдайда болашақты болжай білетін идеалистер мен түйсігі алдамайтын көшбасшыға, нағыз әділ, дана, харизмалы тұлғаға айналады. Тәуелсіздік, тапқырлық және еркіндік – басты қасиеттері. Ақша жұмсауға сараңдау болғанымен, қаржыны тиімді басқарады.


27-сінде туғандар...

Рухани терең, философиялық ойлайды. Сезімтал, жан дүниесі бай. Интуициясы жоғары, шығармашылық қабілеті күшті. Адамдарды тез сезеді, жанашыр.

Ерте есейеді, өмірлік миссиясын ерте түсінеді. Өзіне не керегін, не істегісі келетінін, қандай мақсаттары бар екенін кішкентайынан жақсы түсінеді. Мансап жолында сенімді қадам басады, табысқа жеткенді ұнатады, тәуелсіз. Не қаласа – соны істейді, не – ойласа, соны айтады. Ешқашан үндемей қалмайды, өз пікірін ешкімнен тайсалмастан қорғап шығады.

Көбінесе инстинкт пен сезімге сүйеніп әрекет етеді. Жеке қарым-қатынаста адал. Бірақ драмаға бейім, қатігез, салқын және дөрекі болуы мүмкін. Өтірікті шындай, шынды Құдай ұрғандай етіп сендіре айту қабілеті бар.

Мінездегі сынақ: тұйықтық, өзіне күмәндану, кейде ішкі қақтығысқа түсіп қалу. Егер өзіне сеніп, ішкі даналығына құлақ асса – өзгелерге жол көрсететін рухани көшбасшыға айналады.

Аударған: А. Бектұрғанова,

ERNUR.KZ