Көктемге гардероб жаңартқыңыз келсе: нумерологиялық кеңес

0
383


Көктемге гардероб жаңартқыңыз келсе: нумерологиялық кеңес

Сурет: i.pinimg.com

Көктем келгенде көпшілік адамның көңіл күйі жаңарып, айналаны ғана емес, өз бейнесін де өзгертуге құлшыныс пайда болады. Қыстың қалың киімдерінен арылып, жеңіл әрі жарқын образдарға көшу – жаңа бастаманың белгісіндей. Осындай сәтте стиль таңдауда нумерологияға жүгіну өзіңізді тереңірек түсінудің қызықты тәсілі. Тағдыр саны сізге қандай образ жақын екенін көрсетіп, гардеробты саналы түрде жаңартуға көмектеседі.

Сонымен қатар бұл әдіс сәнге соқыр еліктеуден гөрі, жеке болмысыңызға үйлесетін бағытты табуға мүмкіндік береді. Әр адамның ішкі энергиясы мен мінезі әртүрлі болғандықтан, бәріне бірдей тренд жараса бермейді. Ал нумерологиялық тәсіл киім таңдауды ойынға ұқсас жеңіл әрі қызықты процеске айналдырады. Нәтижесінде сіз тек сыртқы келбетіңізді емес, өзіңізге деген сенімділікті де жаңарта аласыз.

Кеңесті алу үшін тағдыр саныңызды есептеуіңіз керек. Туған күніңіздің барлық сандарын қосып, бір таңбалы санға дейін азайтыңыз. Мысалы, 1983 жылғы 8 сәуір. Есептеңіз:

8 + 4 + 1 + 9 + 8 + 3 = 33, 3 + 3 = 6


1 саны минимализм мен нақтылық

Бұл сан иелеріне артық детальсыз минимализм, қатаңдық, құрылымы айқын киімдер жарасады. Түстер палитрасы да ұстамды болғаны дұрыс: ақ, қара, сұр немесе табиғи реңктер. Мұндай стиль сіздің жинақылығыңызды және сенімділігіңізді айқындайды.


2 саны нәзіктік пен тартымдылық

Сіздің образыңыздың басты мақсаты — жеңілдік пен мейірімді көңіл күйді жеткізу. Ашық білектер, қиғаш иық, жұмсақ маталар, нәзік силуэттер романтикалық әсер береді. Бұл стиль сіздің жылулығыңыз бен эмоционалдығыңызды көрсетеді.


3 саны сән мен салтанат

Бұл сан патшалық энергиямен байланысты болғандықтан, образ да әсерлі болуы керек. Сондықтан киімдер ең сәнді, талғампаз болғаны абзал. Сапалы маталар, сәнді аксессуарлар және өзгеше пішім – сіздің таңдауыңыз болуға тиіс. Мұндай стиль ортада көзге түсіп, харизмаңызды күшейтеді.


4 саны классика немесе креатив

Бұл сан екі түрлі бағытты қолдайды. Біреуі – таза классикалық образ, екіншісі – шығармашылық батыл асимметрия. Егер тұрақтылықты ұнатсаңыз, костюмдер мен түзу сызықтар, ал шығармашылыққа жақын болсаңыз, ерекше пішіндер таңдаңыз. Екі жағдайда да образ жинақы көрінеді.


5 саны еркіндік пен қозғалыс

Сізге трансформацияланатын, түрлендіруге ыңғайлы киімдер жақсы үйлеседі. Әсіресе, қозғалысыңызды шектемеу керек. Қабаттап кию, өлшемсіз (оверсайз) силуэттер және жеңіл маталар күнделікті өмір ырғағына сай келеді. Бұл стиль сіздің белсенділігіңізді шектемей, динамикаңызды көрсетеді.


6 саны талғампаз ұстамдылық

Сән мен жайлылықтың тепе-теңдігі сіз үшін маңызды. Қимыл-қозғалысқа бейім, белсенді адам болсаңыз, классикалық элементтерді спорттық бөлшектермен үйлестіру тамаша шешім. Образ ұқыпты әрі сенімді әсер қалдырады.


7 саны ерекше харизма

Бұл сан иелеріне өзгеше, харизмаға толы, сәл мистикалық образдар жарасады. Сұр реңктер, ретро элементтер және ерекше аксессуарлар сіздің даралығыңызды айқындайды. Мұндай стиль жұмбақ әрі интеллектуалды әсер береді.


8 саны винтаж бен тарих

Сізге антиквариат рухқа ие, өзіндік тарихы бар, деталі көп киімдер үйлеседі. Қатаң пішіндер мен сапалы материалдар образды салмақты етеді. Винтаж элементтері сіздің мәртебеңізді айқындай түседі.


9 саны – әскери стиль, милитари

Әскери стиль элементтері, қызыл және бургундия түстері – ең үйлесімді таңдау. Қатаң, бірақ жұмсақ силуэттер сіздің ішкі қуатыңызды көрсетеді. Бұл образ батылдық пен сенімділік береді.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Сіз ұнатпайтын түс ішкі күйіңіз туралы хабар беруі мүмкін