Дәл қазір неге МҰҚТАЖ​СЫЗ? Жауабын өзіңіз таңдаған ТӨСЕК айтады

0
210


Дәл қазір неге МҰҚТАЖ​СЫЗ? Жауабын өзіңіз таңдаған ТӨСЕК айтады

ОЙЛАШЫ... Сен бірнеше күн ұйықтамадың. Денең ауырлап тұр. Санаң у-шуға толы. Жаның тыныштық сұрап тұр.


АЛ ЕНДІ ЕЛЕСТЕТ... Бөлмеге кірдің. Онда саған арналған бір ғана емес, бірнеше төсек тұрғанын көрдің.

  • Қардан
  • Балдан
  • Бұлттан
  • Көпіршіктен
  • Лавадан
  • Мұхит суынан
  • Тәтті печеньеден
  • Спагеттиден

Бәрі де мамық, жылы, жайлы. Құлай кетсең болғаны, тәтті ұйқыға батасың. Жаның тынығады, тәнің емделеді.

ҚАРА. СЕЗ. Сосын таңдауыңды жаса: Қай төсекте ұйықтағың келеді?


Мұндағы таңдауың жай кездейсоқтық емес. Ол дәл қазір жаның қалап, сұрап тұрған, жетіспей жатқан ішкі мұқтаждықты көрсетеді. Алға жүріп, өмір сүріп, өз көңіліңді тоқ қылу үшін нені қалпына келтіру керек екенін білдіреді. Әр төсек – біздің жасырын психологиялық қажеттілігімізді, тілегімізді немесе жүйке жүйесінің күйінің айнасы.


ҚАР

Қардан жасалған төсек эмоциялық оқшаулануға, салқындық пен тыныштыққа деген қажеттілікті білдіреді. Бұл – өмірдің «қызуы», эмоция, драма мен қысымнан шаршаған адам. Санасын салқындатып, сезімдерін тоңазытып, тыныштықта қалғысы келеді. Кейде бұл ішкі шаршау немесе жеңіл депрессия туралы дабыл.


БАЛ

Бал – өмірдің тәттілігі, қамқорлық пен жұмсақтық символы. Оны таңдаған адамға жылулық, мейірім, сезімдік рақат, қарым-қатынаста тәттілік жетіспейді. Бәлкім, ол эмоциялық тұрғыдан шаршаған, жайлылық пен сүйіспеншілікке шөліркеген.


АҚША БҰЛТ

Ақша бұлт арасында қалықтауды қалау – арманы көп, шығармашыл, өз әлеміне еніп кеткісі келетін адамдарға тән. Бұл жеңілдік, қиял, жердегі күйбең тіршіліктен алыстау ниеті. Мүмкін, адам шамадан тыс жүктемеден шаршаған шығар. Енді өзін еш жүктемесіз, жауапкершіліксіз, еркін күйде ұстағысы келеді.


КӨПІРШІК

Бұл – ойын, балалық көңіл күй, көңілділік пен өзгешелікке деген қажеттілікті білдіреді. Көпіршікті креативті, әзіл-қалжыңға жақын, өмірге ерекше қарайтын адамдар таңдайды. Кейде бұл «өз көпіршігінде» болу, яғни, сыртқы қысым мен араласудан алыстау ниетінен туындаған таңдау болуы да мүмкін.


ЛАВА

Қуатты образ. Лава – құштарлық, күш, ыстық сезімдер мен энергия символы. Оны таңдаған адамда ішкі ыза, құмарлық, іске аспаған армандар жиналып қалған. Ол күйіп кеткісі келуі мүмкін, немесе керісінше құштарлық пен от жетіспейді.


МҰХИТ

Бұл – сезімтал, терең ойлы жанның таңдауы. Мұхит – интуиция, тыныштық, шипа, не болмаса дауыл. Адам шамадан тыс ойланып, қайтадан жүрекпен сезінгісі келеді. Немесе ағынға ерік бергісі келетін жан. Нақтырақ айтсақ, қаптаған қағида, қатып қалған ұстанымдардан бас тартып, өзіне еркіндік беріп, бақылауды доғарғысы келеді.


ПЕЧЕНЬЕ

Жылы, жайлы, үймен байланысты сезім. Балалық шағын, қауіпсіздікті, біреудің қамқорлығын көксеген жанның таңдауы. Мұны таңдаған адам қарапайым қуанышты, бәрі жоспарлы және айқын, түсінікті, тыныш өмір іздейді. Бәлкім, ішіндегі кішкентай «балаға» жылулық жетіспеген.


СПАГЕТТИ

Спагетти таңдауы – «дәмді өмір», жайлылық белгісі. Мұндай жанды қатты тәртіптен шаршаған, жай ғана жылы көрпеге оранып, демалғысы келетін адам деп қабылдасақ бодады. Эмоциялық және физикалық тойымдылықты аңсайтыны анық.

Аударған: А. КЕРІМБЕК,

ERNUR.KZ