Адамның туған айы мінезі, тағдыры туралы не айтады?

0
192


Адамның туған айы мінезі, тағдыры туралы не айтады?

Сурет: i.pinimg.com

Адамның туған айы оның мінезі, бейімділіктері және тіпті өмірінің қалай қалыптасатыны туралы көп нәрсе айтуы мүмкін. Біз дүниеге келген жыл мезгілі біздің энергетикамызға, темпераментімізге және әлемді қабылдауымызға әсер етеді деп есептеледі. Бұл идея астрологияда да, психологияда да қолдау табады. Бұл мақалада әр айдың ерекшеліктерін талдап, осы белгілерді көрсету үшін танымал адамдардың мысалдарын келтіреміз.


Қаңтар: Темірдей жігерлі көшбасшы

Қаңтарда туған адамдардың мінезі берік, амбициясы жоғары және мақсатқа ұмтылғыш келеді. Олар жауапкершіліктен қорықпайтын табиғи лидерлер. Қаңтарлықтар тәртіпті, еңбекқор, бірақ кейде тым қатаң немесе өзіне қатал болуы мүмкін.

Мінез ерекшеліктері:

  • Амбиция
  • Ұйымшыл
  • Табысты
  • Тәуелсіз


Ақпан: Қиялшыл жаңашылдар

Ақпан айында туғандар – ойлау қабілеті ерекше, қиялы бай адамдар. Олар жұмбақ әрі күтпеген мінезді болып көрінуі мүмкін. Жаңа идеялар мен стандарттан тыс шешімдерге құмар. Жүрегі кең, бірақ кейде шектен тыс армандап кетеді.

Мінез ерекшеліктері:

  • Креативті
  • Интуиция
  • Тәуелсіз
  • Жанашыр


Наурыз: Сезімтал идеалистер

Наурызда дүние есігін ашқандар – мейірімді, сезімтал адамдар. Көбіне шығармашылыққа бейім әрі қиялшыл келеді. Алайда олардың жұмсақтығы қиындықтар алдында әлсіз қылып жіберуі мүмкін.

Мінез ерекшеліктері:

  • Эмпатия
  • Шығармашылық
  • Романтика
  • Өзін-өзі талдау қабілеті


Сәуір: Энергиясы тасыған белсенділер

Сәуірде туғандардың энергетикасы жоғары, батыл және жігерлі болады. Олар тәуекелден қорықпайды, мақсатына жету үшін күресуге әрдайым дайын. Харизмасы мықты, бірақ кейде тым импульсивті болуы мүмкін.

Мінез ерекшеліктері:

  • Ержүрек
  • Мақсатқа ұмтылу
  • Харизма
  • Импульсивті


Мамыр: Тұрақты әрі практик адамдар

Мамыр айында туғандар тұрақты, сабырлы және практик болып келеді. Жайлылықты жақсы көреді және сұлулықты жоғары бағалайды. Бірақ кейде қырсықтығы келісімге келуіне кедергі болуы мүмкін.

Мінез ерекшеліктері:

  • Сенімді
  • Сабырлы
  • Табиғатты сүю
  • Қырсықтық


Маусым: Зияткер, қарым-қатынас құра алады

Маусымда туғандар – ақылды, тіл табысқыш адамдар. Олар өте қызығушылықпен қарап, жаңа білімге әрдайым құмар. Энергиясы жоғары, бірақ тұрақсыз болуы мүмкін.

Мінез ерекшеліктері:

  • Зияткерлік
  • Қызығушылық
  • Коммуникабельді
  • Құбылмалы


Шілде: Эмоционалды қорғаушылар

Шілдеде дүниеге келген адамдар сезімтал әрі қамқор. Олар үшін отбасы мен достар бірінші орында тұрады. Интуициясы мықты, бірақ кейде сезімге берілгіштігі жаңылыстыруы мүмкін.

Мінез ерекшеліктері:

  • Эмоционалды
  • Интуиция
  • Қамқорлық
  • Жараланғыш


Тамыз: Харизмалы лидерлер

Тамызда туғандар табиғи харизма мен лидерлік қасиетке ие. Өзіне сенімді, көпшіліктің бел ортасында, жұрт назарында болуды ұнатады. Бірақ мақтау-мадақ естуге деген құштарлығы оларды өзгелердің пікіріне тәуелді етіп қоюы мүмкін.

Мінез ерекшеліктері:

  • Харизма
  • Өзіндік сенім
  • Жомарттық
  • Даңққұмарлық


Қыркүйек: Перфекционистер

Қыркүйекте туғандар ұқыпты, детальға мән беретін және кемелдікке ұмтылатын адамдар. Еңбекқор, практик, көмектесуге әрдайым дайын. Бірақ перфекционизм кейде күйзеліске әкеледі.

Мінез ерекшеліктері:

  • Ұйымшыл
  • Практик
  • Кішіпейіл
  • Перфекционизм


Қазан: Дипломаттар мен эстеттер

Қазанда дүниеге келгендер сұлулық пен әділдікті жақсы сезінеді. Олар адамдармен тез тіл табысып, қақтығыстарды болдырмауға тырысады. Дипломатиялық қасиеті күрделі жағдайда жақсы медиатор болуға мүмкіндік береді.

Мінез ерекшеліктері:

  • Дипломатия
  • Жақсылыққа бейім
  • Өнерге құштарлық
  • Шешім қабылдаудағы әлсіздік


Қараша: Құпияны зерттеушілер

Қарашада туғандар – мінезі мықты, зерттеуге құмар адамдар. Олар жұмбақ, интуитивті және өз жолымен жүретіндер. Ішкі қуаты кез келген қиындықты жеңуге көмектеседі.

Мінез ерекшеліктері:

  • Құштарлық
  • Интуиция
  • Мақсатшыл
  • Тұйықтық


Желтоқсан: Үлкен жүректі оптимистер

Желтоқсанда туғандар – өмірді сүйетін, оптимист жандар. Жомарт, мейірімді, көмектесуге әрдайым дайын. Бірақ көңіл көтеруге құмарлығы кейде олардың байсалдылығын кері ысырып, жеңіл ойлы етіп көрсетеді.

Мінез ерекшеліктері:

  • Оптимизм
  • Жомарттық
  • Энергия
  • Жеңіл мінезді

Әрине, әр адамның ішкі дүниесі – күрделі әлем. Оны бір ғана туған айына қарап толық танып-білдім дей алмаймыз. Сіздің ойыңыздағы жанның жоғарыда сипатталғаннан да өзге сан қыры, мың түрлі мінезі болуы мүмкін. бұл болжам – тек бір айда туғандарда жиі көрінетін ортақ белгілер ғана.

Аударған: А. КЕРІМ,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Келер жылы кімнің бойында қандай қабілет оянады?