Жаңалықтар

​Алтын адам экспонаты Бакуде

Әзербайжанның Ұлттық мұражайында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнердің туындылары» көрмесі ашылды. Дәл осы түркі әлемінің артефактісін әзербайжандықтар ұзақ күткен еді.

​ОҚО-да диқандар 51 мың гектарға қауын-қарбыз еккен

Жалпы ауданда биылғы жылы 138 мың гектардан астам суармалы жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Оның 27 064 гектарын бақша дақылдары құрайды.

Данияр Кесікбаевтың қайын атасының үйінен 30 миллион доллар тәркіленді

Тінту барысында алынған қаражатты дүйсенбіде санап бастап, сәрсенбіде аяқтаған.

Алматыда қар жауды

Кеше кешкісін шаһарда қатты жел тұрып, артынша ақ ұлпа қар қылаулады. Мамыражай мамыр айындағы бұл құбылысты әлеуметтік желі қолданушылары түрлі бейнетаспаларда жарыса жариялап жатыр.

500 миллион теңгеге дейiнгi инновациялық гранттарға конкурс жарияланды

Инновациялық гранттарға өтiнiмдер 6 маусым мен 16 шiлде аралығында «Digital Baiterek» интернет-порталы арқылы электронды форматта қабылданады.

«Арсенал» клубының бас бапкері тағайындалды

46 жастағы испаниялық маман "Севилья"мен 3 рет Еуропа лигасын жеңіп алып ат шығарған еді.

Астанадағы дауылдан келген шығын 200 миллион теңгеден астам

22 мамырда Астанада қатты дауыл соғып, бұршақ жауды. Табиғаттың тосын құбылысынан 13 адамның зардап шеккені және түрлі заттардың құлауынан 16 көлік бүлінгені хабарланған болатын.

CNBC: Путин айтқан зымырандардың сынағы сәтсіз аяқталды

Путин 2018 жылы 1 наурызда Федералдық кеңесте жолдау жасап, Ресей қарулы күштері таяуда "америкалық зымыраннан қорғаныс жүйесінен айналып өтетін" жаңа ядролық қанатты зымырандармен жабдықталатынын мәлімдеген.

ОҚО-да ұрылардың 8 қылмыстық тобы ұсталды

Кентаулық полиция қызметкерлері жоғарыда аталған қылмыстық топтармен жалпы орын алған қылмыстардың 36 дерегін әшкерелеп, заңды шаралар қабылдаған.