Жаңалықтар

Таразда тұрғын үйде өрт шығып, 20 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Төрт қабатты баспанада электр қондырғылары тұрған бөлме отқа оранған.

Мектептегі киім үлгісі ұлттық дәстүрді негізге алуы керек

Мектептердегі жүріс-тұрыс әдебі және киім кию үлгісі халықаралық тәжірибені, ең бастысы, халқымыздың ұлттық дәстүрлерін негізге алуы керек.

Мәскеуде «Ұлы дала алтыны» көрмесі өтеді

«Ұлы дала алтыны» көрмесі көрермендерін 2500 жыл бұрын уақытқа әкетіп, патшалардың өлмей, жерасты сарайларына мәңгілік ұйқыға кеткен кезді көрсетеді.

​ШЫМКЕНТ: Өткен жылы 450 ана алтын мен күмістен алқа тақты

«Алтын алқа» таққан көпбалалы аналардың ең жасы - 29 жаста болса, дүниеге алты перзент әкеліп «Күміс алқа» таққан аналардың қатарында ең жасы 28 жаста.

​Түймебаев «ТҮРКІСТАН» атты шоколад шығаруды ұсынды

"Бұл Түркістанның бренді болады", деді облыс әкімі.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мектептегі зорлық-зомбылыққа көз жұмып қарауға болмайды

Мектептерде орын алып отырған зорлық-зомбылық жағдайлары - бұл барлық мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшілік екенін мойындау қажет. Бұл мәселеге көз жұмып қарауға болмайды

Астана және Қарағанды өткен түні жер бетіндегі ең суық қалалар қатарында болды

Тізімде алдыңғы үштікте Шеперд (Канада), Сургут (Ресей) және Лейк (Канада) қалалары тұр. Қарағандыда сынап бағанасы ауа температурасы 38 градус төмен болғанын көрсетті. Астана 11-орынды иеленді.

​Алматы мешітінде телефон ұрлаған адам ұсталды

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мешітке келген жігіт курткасының қалтасындағы телефоны жоғалғанын намаздан кейін білген.

​ТҮРКІСТАН: «Жастар жылына» орай Мақтааралда дүбірлі көкпар өтті

Көкпарда ептілігі мен арғымағының жылдамдығы есепке алынып, "Үздік шабандоз" анықталды.

​Павлодарда бір отбасы екі баласымен ыстан уланып көз жұмды

Ысты газдан улану салдарынан Бекбатыровтар отбасынан төрт адам - ата-анасы мен 4 және 7 сыныптарда оқитын екі бала қаза тапқан.