Жаңалықтар

Қаржы министрлігі Жаңа жыл тойламайды - министр

Қаржы министрі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялар корпоративті іс-шараларды бюджет және мемлекеттік компаниялар есебінен өткізбеуі керек екенін айтты.

ТҮРКІСТАН: Шағын және орта бизнестің өнім көлемін ұлғайту бойынша жиын өтті

Жиында шағын және орта бизнестің өнім көлемін ұлғайту үшін бақылау-кассалық машиналарын орнату керектігі айтылды.

Пышақтап өлтірген: Қарағанды облысында 3 жасар қыздың денесі табылды

​Полицияға баланың қазасы туралы жергілікті тұрғын хабарлады. Қызды өлтірді деген күдікпен оның анасы ұсталды.

"Мен қазақпын!": Павлодарлық оқушылар патриоттық челлендж бастады

Оқушылардың орындауындағы «Мен қазақпын» әні әлеуметтік желілерде хитке айналды.

ШЫМКЕНТ: Қоғамдық кеңес қамаудағы бас дәрігерді қорғайтынын мәлімдеді

Бұл туралы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында айтылды.

«Shymkent «ӘКК» АҚ басқармасына төраға тағайындалды

ҚР Премьер-Министрі Кеңесінің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы болып қызмет атқарып келген.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 148,4 млрд теңге несие мақұлданды

7-20-25 бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тұрақты кірісі бар және өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматтары ала алады.

Иранда наразылық кезінде жүздеген адам қаза тапты

Кейбір дерек бойынша, қаза тапқандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін.

ТҮРКІСТАН: Отбасыдағы тұрмыстық қатынастарда жасалған қылмыстардың саны артқан

2019 жылы саны 47 болса, 2018 жылы 45 болған, яғни 2 қылмысқа өскен.

Өскемендік дәрігерлер жаңа туған сәбидің қос бұғанасын сындырып алған

Сүйектері нәзік болғандықтан, босандыру кезінде бұғанасы аздап жылжып кеткен.