ТҮРКІСТАН: Жетісайда тазалық пен тәртіпке бақылау күшейтілді

0
235

Тазалық талаптарын бұзу мен қоғамдық тәртіпке қайшы әрекеттердің 34 фактісі анықталды.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда тазалық пен тәртіпке бақылау күшейтілді

Жетісай ауданында тазалық пен тәртіпке бақылау күшейтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен арнайы мобильді топ құрылып, аудан аумағында тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы рейдтік жұмыстар күшейтілді.

Мобильді топтың қатысуымен саябақтарда, скверлерде, жағалау аймақтарында, демалыс орындарында, сондай-ақ, тұрғындар көп шоғырланатын қоғамдық орындарда арнайы рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Аралау барысында тазалық талаптарын бұзу мен қоғамдық тәртіпке қайшы әрекеттердің 34 фактісі анықталды.

Атап айтқанда, рейдтік шаралар кезінде қоғамдық орындарда, демалыс аумақтарында, саябақтар мен базар маңында орын алған құқық бұзушылықтар бойынша тиісті әкімшілік шаралар қолданылып, ҚР ӘҚБтК-нің 34-2-бабы бойынша 15 тұлғаға, 505-бап бойынша 13 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Нәтижесінде, құқық бұзушыларға жалпы сомасы 547 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Аудан аумағында тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау және тұрғындардың қоршаған ортаға жауапкершілігін арттыру мақсатында өтіп жатқан рейдтік және профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

Сонымен қатар, тұрғындарға қоғамдық орындарда тазалық сақтау, құқық бұзушылыққа жол бермеу және қоғамдық тәртіпті бұзбау жөнінде түсіндіру жұмыстары да қатар жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар ауданның көркеюіне, экологиялық ахуалдың жақсаруына және тұрғындар үшін қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға өз үлесін қоспақ.

Бөлісу