ТҮРКІСТАН: Ұласбек Сәдібеков Бәйдібек ауданының әкімі болып тағайындалды

0
127

Ұласбек Сәдібекұлы Сәдібеков 1967 жылы Бәйдібек ауданында дүниеге келген.


ТҮРКІСТАН: Ұласбек Сәдібеков Бәйдібек ауданының әкімі болып тағайындалды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Бәйдібек ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Бәйдібек аудандық мәслихаты депутаттарының келісімі негізінде Ұласбек Сәдібеков Бәйдібек ауданының әкімі болып тағайындалды.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жаңа әкімді қызметімен құттықтап, жауапты жұмысына табыс тіледі. Сонымен қатар Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді сапалы орындаудың маңыздылығына тоқталып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жандандыру, инвестиция тарту, инфрақұрылымды дамыту, ауыл шаруашылығының әлеуетін тиімді пайдалану және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастыруды тапсырды.

Ұласбек Сәдібекұлы Сәдібеков 1967 жылы Бәйдібек ауданында дүниеге келген.

Білімі – жоғары. 1992 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын «инженер-электрик» мамандығы бойынша, 2001 жылы «Қайнар» университетін «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1983 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Алғабас ауданындағы мал бордақылау кешенінде жұмысшы болып бастаған.

1984-1986 жылдары Целиноград ауылшаруашылық институтында білім алған. 1986-1987 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери қызмет атқарып, 1987-1992 жылдары аталған институттағы оқуын жалғастырған.

1992-1993 жылдары Ақмола қалалық әкімшілігінің жастар комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

1993-1994 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Алғабас аудандық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінде маман, бас маман, 1994-1996 жылдары аудандық әкімшіліктің жастар ісі, туризм және спорт басқармасының бастығы болды.

1996-1998 жылдары Шымкент қаласындағы «Жетіген» ЖШС-нің директоры қызметін атқарды.

1998-2002 жылдары Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары болды.

2002-2004 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты әлеуметтік-мәдени кешені бөлімінің меңгерушісі, 2004-2005 жылдары облыстың жастар ісі және ішкі саясат департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

2005-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат департаментінің директоры болды.

2006-2007 жылдары Бәйдібек ауданының, 2007-2009 жылдары Сарыағаш ауданының әкімі қызметін атқарды.

2009-2012 жылдары «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.

2012-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты қызметін атқарды.

2016-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2018-2019 жылдары Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі – Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілі болды.

2019-2023 жылдары Сайрам ауданының әкімі қызметін атқарды.

2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Ұласбек Сәдібекұлы мемлекеттік қызметтегі еңбегі үшін бірқатар мемлекеттік наградалармен марапатталған. «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері.

Жиын соңында облыс әкімі Бәйдібек ауданының жаңа әкіміне алдағы жұмысына сәттілік тілеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған міндеттерді сапалы жүзеге асыруды тапсырды.

Бөлісу