Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.
Түркістанда «WeGlobal.AI» платформасының жаңартылған мүмкіндіктері таныстырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласында «WeGlobal Kazakhstan» ЖШС тарапынан «Otbasy Academy» онлайн отбасы академиясының негізін қалаушы, педагог-психолог Ержан Мырзабаевтың қатысуымен педагог-психологтарға арналған семинар өтті. Іс-шара барысында «WeGlobal.AI» платформасының жаңартылған мүмкіндіктері таныстырылды.
Семинарға Түркістан облысы білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры Мөлдір Зайнуллақызы, орталық мамандары, сондай-ақ педагог-психологтар қатысты.
Кездесу барысында мамандардың жұмыс сапасын арттыруға бағытталған жаңа мүмкіндіктер мен заманауи тәсілдер түсіндірілді.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Мұндай кездесулер педагог-психологтардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге және заманауи цифрлық құралдарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.


