ТҮРКІСТАН: Отырарда инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасып жатыр

0
74

Құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы аудан әкімінің тұрақты назарында.


ТҮРКІСТАН: Отырарда инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасып жатыр

Отырар ауданында инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Отырар ауданында тұрғындарды табиғи газбен қамту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бүгінде ауданда инфрақұрылымды дамытуға арналған маңызды жобалар жалғасып жатыр. Атап айтқанда, ауданға қарасты 22 елді мекен табиғи газға қосылған. Маяқұм ауылында жалпы ұзындығы 36,838 шақырым болатын ішкі газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2027 жылға өтпелі. Құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы аудан әкімінің тұрақты назарында.

Сонымен қатар аудандағы көшелерді жарықтандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, Маяқұм ауылындағы Т.Сыздықов, Р.Мырзабеков, Е.Әнетбеков және А.Байымбетов көшелерінде, сондай-ақ Көлқұдық ауылындағы М.Арыс көшесінде жарықтандыру жүйесі орнатылып жатыр.

Бұдан бөлек, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында абаттандыру жұмыстары да жүйелі түрде жалғасуда. Бүгінгі таңда Балтакөл ауылындағы ұзындығы 200 метр болатын жаяу жүргіншілер жолы абаттандырылуда. Аталған жұмыстар тұрғындардың, әсіресе мектеп оқушылары мен қарттардың қауіпсіз әрі жайлы жүріп-тұруына жағдай жасап, ауылдардың сәулеттік келбетін жақсартуға өз үлесін қосады.

Бөлісу