Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.
Полиция Түркістан облысының тұрғынына шабуыл жасады деген күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Леңгірде түнгі уақытта белгісіз екі адам жергілікті тұрғынның үйіне кіріп, жәбірленушіге дене жарақатын келтіріп, ұялы телефонын алып кеткен болатын.
Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.
Криминалдық полицияның тәжірибелі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін жүргізіп, күдіктілердің жеке басын және орналасқан жерін анықтады.
«Нәтижесінде Төлеби ауданының екі тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.


