Түркістан облысында мұнай өнімдеріне қатысты шаралар күшейтілді

0
114

Жыл басынан бері мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша 77 факт анықталып, 4,2 млн.теңгеге айыппұлдар салынды.


Түркістан облысында мұнай өнімдеріне қатысты шаралар күшейтілді

Түркістан облысында мұнай өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және заңсыз тасымалдың алдын алу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында жанармай өнімдері нарығындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаудың алдын алу мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылуда.

Облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің тапсырмасына сәйкес, Кәсіпкерлік және сауда басқармасы Қазығұрт, Сарығаш аудандарында мемлекеттік органдардың қатысуымен мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Мониторингтік бақылау нәтижесінде аудандық әкімдіктер мен сауда субъектілеріне жанар-жағармай бағасын тұрақтандыру, сондай-ақ мұнай өнімдерін шетелге заңсыз шығарудың алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

«Қапланбек» шекара бекетінде жағдайды бақылау мақсатында облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік бақылау басқармасы қызметкерлері жұмылдырылды. Олар мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау деректерінің жолын кесу бойынша қажетті шараларды атқаруда.

Мониторинг барысында жанар-жағармай тасымалдайтын көліктерге арнайы тексерулер жүргізіліп, заңсыз айналымға қарсы бақылау күшейтілді. Жыл басынан бері мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша 77 факт анықталып, 4,2 млн.теңгеге айыппұлдар салынды.

Түркістан облысының Кәсіпкерлік және сауда басқармасы өңірдегі мұнай өнімдері нарығындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың заңсыз тасымалдануына жол бермеу бағытында кешенді шараларды жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта ахуал тұрақты бақылауға алынып, қажетті жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Бөлісу