​Түркістан облысында 114 жоба іске қосылды

0
44

Өндірістік парктерде жалпы құны 226,9 млрд. теңге болатын 269 жоба жасақталған.


​Түркістан облысында 114 жоба іске қосылды

Түркістан облысында 29 шағын өндірістік парк құрылып, 114 жоба іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес өңірде құрылып жатқан өндірістік парктердің жұмысы жүйелі түрде бақылауға алынған. Осы бағытта облыстық Кәсіпкерлік және сауда басқармасының өкілдері Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Шардара аудандары мен Арыс қаласында құрылған өндірістік парктерге барып, ондағы кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Сонымен қатар кәсіпкерлермен кездесулер өткізіліп, өндірісті дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу барасында өндірістік парктерге жаңа жобаларды тарту, кәсіпорындар өнімін өткізу жолдары, жобаларға қаржылай қолдау көрсету мәселелеріне басымдық берілді.

Бүгінде Түркістан облысында 29 шағын өндірістік парк құрылып, онда 275 өндірістік ғимараттың құрылысы басталған. Оның ішінде 165-інің құрылысы аяқталды.

Өндірістік парктерде жалпы құны 226,9 млрд. теңге болатын 269 жоба жасақталған. Қазіргі таңда оның 114-і іске қосылды. Іске асырылып жатқан жобалардың негізгі бағыты – құрылыс материалдарын, жиһаз және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру. Түркістан өңірінде шағын өндірістік парктердің жұмысы жанданып, кәсіпкерлер үшін тиімді алаңға айналып келеді.

Бөлісу