«Бәйдібек ата» су қоймасының жобалық құны 15,7 млрд теңгені құрайды
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Бәйдібек ауданына жұмыс сапары барысында «Бәйдібек ата» су қоймасына арнайы барып, нысанның жұмыстарын бақылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет басшысының су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу, су нысандарын жөндеу, жаңарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.
Қазіргі уақытта өңірдегі су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Құрылыс барысы тұрақты бақылауда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Бәйдібек ауданына жұмыс сапары барысында «Бәйдібек ата» су қоймасына арнайы барып, нысанның жұмыстарын бақылады. Жауапты сала мамандарына нысанның құрылыс жұмыстары уақытында әрі сапалы орындалу қажеттігін ескертті. Тиісті тапсырмалар берілді.
«Бәйдібек ата» су қоймасының жобалық құны 15,7 млрд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын «МК Технострой сервис» ЖШС мердігер мекемесі іске асыруда. Қойма 680 гектар аумақта орналасқан. Ал сыйымдылығы 67 млн м3. Қоймаға келетін су көзі Бөген өзенінен алынады. Оған қоса канал аумағында 9,7 мың гектар суармалы жер тұрақты ағын сумен қамтылады.
Су қойманың негізгі мақсаты – көктемгі тасқын сулардың алдын-алу, артық суларды жинақтап, суару маусымында пайдалану және «Бөген» су қоймасын толтыруға жіберу.


