Вокзал тәулігіне 145-155 жолаушыға қызмет көрсетіп, тәулігіне 5 жұп пойызды қабылдайды.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына жұмыс сапары барысында қайта жаңғыртылып жатқан «Сарыағаш» теміржол вокзалының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Нысанды аралап, құрылыс жұмыстарының қарқыны мен сапасын тексерді. Жұмыстың орындалу барысына қатысты сын-ескертпелер айтып, мердігер мекемеге құрылысты жеделдетіп, сапаны қатаң бақылауда ұстап, нысанды уақтылы пайдалануға беруді тапсырды.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 50 пайызы аяқталған. Қайта жаңғырту нәтижесінде вокзал ғимаратының жалпы аумағы 449,1 шаршы метрден 558,54 шаршы метрге дейін ұлғайтылып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалады. Вокзал тәулігіне 145-155 жолаушыға қызмет көрсетіп, тәулігіне 5 жұп пойызды қабылдайды.
Құрылыс жұмыстарын биылғы тамыз айының соңына дейін аяқтап, нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.


