ТҮРКІСТАН: Кентауда тағы бір елді мекен сапалы жолмен қамтылады

0
63

Құрылыс барысы тапсырыс беруші мекеме мен техникалық қадағалау ұйымының тұрақты бақылауында.


ТҮРКІСТАН: Кентауда тағы бір елді мекен сапалы жолмен қамтылады

Кентауда тағы бір елді мекен сапалы жолмен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылының Шоқтас елді мекенінде көше-жол желісін дамыту және тұрғындардың көлік қатынасына қолайлы жағдай жасау мақсатында асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары жүзеге асырылуда.

Қала әкімі Жандос Тасов ауылдағы құрылыс барысын бақылап, жұмысты сапалы әрі уақытылы атқаруды тапсырды.

Аталған жоба аясында жалпы ұзындығы 4,56 шақырымды құрайтын Шоқтас басты көшесі, Шоқтас ішкі көшесі және Шоқтас саяжай көшелеріне асфальтбетон жабынын төсеу көзделген.

Жұмыстар 2026 жылдың маусым айында басталып, бүгінгі таңда жол төсемінің негізін дайындау жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі уақытта нысанда асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Жоба 2027 жылға өтпелі болып табылады және жұмыстар бекітілген өндірістік кестеге сәйкес кезең-кезеңімен іске асырылуда. Құрылыс барысы тапсырыс беруші мекеме мен техникалық қадағалау ұйымының тұрақты бақылауында.

Жоба толық аяқталғаннан кейін Шоқтас елді мекеніндегі көше-жол инфрақұрылымының сапасы жақсарып, тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қатынауына мүмкіндік жасалады.

Бөлісу