ТҮРКІСТАН: Британдық компания сүт өңдеу жобасын жүзеге асырмақ

0
59

Зерделеу жұмыстары және келіссөздер жалғасады.


ТҮРКІСТАН: Британдық компания сүт өңдеу жобасын жүзеге асырмақ

Британдық компания Түркістан облысына сүт өңдеу жобасын жүзеге асыруға ниетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «United Green» компаниясының өкілі Биркбек Жерардпен кездесті.

Кездесуде өңірде инвестициялық жобаны жүзеге асыру, сүт өңдеу саласын дамыту және екіжақты әріптестікті нығайту мәселелері талқыланды.

Ұлыбританиялық «United Green» компаниясы Түркістан облысында сүт өңдеу бағытындағы жобаны іске асыруға қызығушылық танытып отыр. Облыс әкімі өңірдің инвестициялық әлеуетіне тоқталып, жобаны жүзеге асыру барысында қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Зерделеу жұмыстары және келіссөздер жалғасады.

Айта кетейік, Түркістан облысында инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар жер учаскелері ұсынылатын индустриялық аймақтар және дайын ғимараттарды жеңілдетілген шарттармен жалға немесе сатып алуға мүмкіндік беретін шағын өнеркәсіптік парктер жұмыс істейді. Сонымен қатар терең өңдеу өндірісін дамытуға бағытталған инвесторлар үшін салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған «TURAN» арнайы экономикалық аймағы бар. Аталған аймақтарда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың іске асу барысы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауында.

Бөлісу