Tik Tok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде агрессивті мінез-құлық танытқан.
Әлеуметтік желідегі заң бұзушылық бойынша Түркістан облысының тұрғыны жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері Tik Tok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде әйел адамның агрессивті мінез-құлық танытып, былапыт сөздер қолданған бейнежазбасын анықтады.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтаған.
«Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын Баян Шанкеева болып шықты. Сот шешімімен кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түркістан облысының полициясы "Заң және тәртіп" қағидаты өмірде де, интернет кеңістігінде де қамтамасыз етілетінін ескертеді. Заң баршаға ортақ!», делінген Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.


