Тег: жаңалықтар

​Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов компанияның қазіргі қызметі және стратегиялық міндеттердің жүзеге асырылуы жөнінде баяндады.

Қазақстанда 625 ұйым арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге лицензия алған

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Қазақстанда сынақ мерзімі кезінде жалақыны азайтуға немесе жұмыстан шығаруға бола ма

Еңбек кодексіне сәйкес, сынақ мерзімі туралы талап еңбек шартында міндетті түрде көрсетілуі керек.

Қазақстан мен Үндістан іздеуде жүрген адамдарды ұстап беру жөнінде келісті

Құжатқа Қазақстанның Бас Прокуроры Берік Асылов пен Үндістанның Қазақстандағы Елшісі Силас Тангал қол қойды.

Денсаулық сақтау министрлігі арықтауға арналған препараттың тіркелмегенін ескертті

Мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды қолдануға болмайды.

Қазақстанның ең қарт тұрғыны қайтыс болды: ол 116 жаста еді

Түймегүл Темірбаева 1910 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Жайлыма ауылында жылқышының отбасында дүниеге келген.

Жасөспірімдер арасындағы жанжал: комадағы оқушы Астанаға жеткізілмек

Жамбыл облысында басқа жасөспіріммен жанжалдасқан 9-сынып оқушысы жансақтау бөліміне түсті.

​Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады

Мемлекет басшысына ұлттық компания қызметінің 2026 жылғы нәтижелері және алдағы жылдарға арналған жоспары жөнінде есеп берілді.

​Шымкентте 200-ден астам адамға буын алмастыру отасы жасалды

Шымкентте жыл басынан бері 200-ден астам адамға тізе, жамбас-сан және иық буындарын алмастыру отасы жасалды.

Қазақстанда шенеуніктерге арналған жаңа әдеп қағидалары әзірленеді

Әзірге жаңа әдеп қағидаларының нақты қандай талаптарды қамтитыны және олардың қашан күшіне енетіні айтылған жоқ.