​ОҚУ мен ЖҰМЫСҚА қолғабыс ететін ЖАСАНДЫ КӨМЕКШІЛЕР

0
203

Бірнеше бағыттағы ЖИ құралдары – барлығы бір жерде


​ОҚУ мен ЖҰМЫСҚА қолғабыс ететін ЖАСАНДЫ КӨМЕКШІЛЕР

Сурет: ЖИ

Барлық сұрақтың жауабын тек ChatGPT-ден іздеуге дағдыланып қалдыңыз ба? Жасанды интеллект әлемі онымен ғана шектелмейді. Байқаңыз, сіз одан да тиімді нұсқаларды, мүмкіндікті жіберіп жатқан болуыңыз мүмкін. Қазіргі таңда кез келген жұмысты сапалы әрі жылдам орындауға арналған арнайы ЖИ сервистер жетіп артылады.

Оқу мен жұмыс барысында уақытыңызды барынша үнемдейтін ең керекті құралдарды бір жерге жинадық. Бұл тізімде ғылыми зерттеулер мен курстық жұмыстардан бастап, презентация жасау, тіл үйрену, бағдарламалау мен жұмыс табуға арналған платформалар бар. Жаңа құралдарды сынап, жұмысыңызды жеңілдетіңіз!


Оқу мен зерттеу жұмыстарына арналған

Күрделі тақырыпты түсіну, ғылыми зерттеулерді табу немесе үлкен көлемдегі материалды ретке келтіру қажет болса, мына құралдар көмектеседі:

  • PaperReview — ғылыми тақырыптарды талдауға арналған ЖИ.
  • DeepTutor — таңдалған тақырып бойынша терең зерттеу жүргізуге көмектесетін жоба.
  • Sci-bot — дереккөздері мен цитаталары бар ғылыми сұрақтарға жауап табатын ЖИ-көмекші.
  • AlphaXiv — ғылыми зерттеулерді жылдам талдауға арналған база.
  • OpenDeepResearcher — көптеген дереккөздерден ақпаратты терең іздеуге және өңдеуге арналған тегін құрал.
  • SciSpace — ғылыми мақалалармен жұмыс істеуге, соның ішінде олардың құрылымы мен безендірілуін сақтай отырып аударуға көмектеседі.
  • Scite — ғылыми басылымдардан цитаталар іздеу және таңдау.
  • NotebookLM — өз материалдарыңызбен жұмыс істеуге өте қолайлы. Оған оқулықтарды, конспектілерді, презентацияларды жүктеп, солардың негізінде қысқаша мазмұнын, карточкалар, тесттер мен сұрақтарға жауаптар алуға болады.


Курстық жұмыстар, құжаттар және презентациялар

Дедлайн жақындап қалғанда мына құралдар мәтін мен слайд дайындауды едәуір жылдамдатады:

  • Poe — мәтін, бағдарламалау, талдау, дизайн және мультимедиа генерациялауға арналған жүздеген ЖИ-құралдарды біріктіреді.
  • Yoink — құжаттарды берілген стильге сай өңдей алады.
  • Doco — Word және басқа файлдарды өңдеу, безендіру және ақпаратты бөліп алу жұмыстарын автоматтандырады.


Презентация жасауға арналған сервистер

  • WorkPPT — видео мен PDF негізінде слайдтар жасайды.
  • Chatslide — зерттеулерден, веб-беттерден және видеолардан презентация құрастырады.
  • Gamma — презентациялар мен веб-сайттарды жылдам жасап береді.
  • Allweone — суреттері мен графиктері бар презентацияларды генерациялайды.
  • Manus — деректерді визуализациялауға арналған.
  • Kimi AI — арнайы безендірілген слайдтарды жинап береді.


Дәрістер, математика және тілдер

Керекті бір үзінді үшін екі сағаттық дәрісті қайта қараудың қажеті жоқ.

  • notelyvoice — дәрістердің аудиожазбаларын мәтінге айналдырады.
  • Revast — оқу материалдарын интерактивті форматқа ауыстырады.
  • MathGPT Pro — математикалық есептерді мәтін, фото немесе дауыстық сипаттама түрінде қабылдайды.
  • WolframAlpha — математикалық алгоритмдерге сүйеніп, сұрақтардың нақты жауабын есептеп шығаратын танымдық білім жүйесі.
  • Omni Calculator — ішінде мыңдаған арнайы калькуляторлар жинақталған.
  • Listen in English — фильмдер мен сериалдар арқылы тіл үйренуге арналған жаттығулар.
  • Loecsen — ондаған тілдер бойынша экспресс-курстар.
  • LanguageTool — мәтіндегі орфографиялық, грамматикалық, пунктуациялық және стильдік қателерді тексереді.


Мектеп оқушыларына арналған тегін құралдар

  • Khan Academy — математика, жаратылыстану ғылымдары, экономика және бағдарламалау бойынша сабақтар мен тапсырмалар жинақтайды.
  • CK-12 — интерактивті оқулықтар, видеолар, симуляциялар мен практика ұсынады.
  • Anki — аралық қайталау әдісі арқылы анықтамалар мен формулаларды жаттауға көмектеседі.
  • Quizlet — карточкалар, тесттер мен оқу ойындарын дайындайды.
  • Mathigon — формулалар мен геометриялық объектілерді қолмен ұстап көретіндей визуализациялайтын интерактивті сабақтар.
  • Scratch — бағдарламалауды бастауға ең оңай құрал, код блоктардан құрастырылады.
  • Google Arts & Culture — музей коллекциялары, виртуалды экскурсиялар мен өнер туындылары арқылы тарих пен өнерді зерттеу.
  • Stellarium Web — браузерді планетарийге айналдырады, оның көмегімен шоқжұлдыздар мен планеталарды зерттеуге болады.


Күнделікті өнімділік үшін

Егер мәселе тапсырманың қиындығында емес, оның тым көптігінде болса:

  • Footrue — жұмысқа, құжаттарға, PDF, мәтін, видео және презентацияларға арналған жүздеген шағын сервистерді бір жерге жинайды.
  • lofizen — LoFi-музыка, жаңбыр, от пен ақ шум дыбыстары, сондай-ақ жазбалар мен тапсырмалар менеджері.
  • NeuroTools — үлкен тапсырмаларды кішігірім кезеңдерге бөледі және стресті еңсеру жолдарын ұсынады.
  • ai-copywriter және Quillbot — мәтіндерді генерациялауға, қайта өзгертіп жазуға және өңдеуге арналған.


Жұмыс іздеушілерге

Студенттер мен жас мамандарға арналған:

  • WayUp — вакансиялар мен тағылымдамалар.
  • SmartBrain — компаниялар мен белгілі бір тапсырмаларды орындайтын мамандарды байланыстырады.
  • FlexJobs — қашықтан (онлайн) жұмыс істеуге мамандандырылған.


Оқы, қызық!

ExcuseYou – сабаққа немесе жұмысқа кешігіп қалғанда, тіпті маңызды дедлайнды өткізіп алған сәтте көмекке келетін өте ерекше әрі қызықты ЖИ-сервис. Ол жай ғана сылтау ойлап таппайды, жағдайыңызды барынша сенімді, сыпайы әрі кәсіби тілде түсіндіріп беретін дайын мәтін генерациялайды. Бар болғаны кешігудің себебін немесе жағдайдың сипатын қысқаша көрсетсеңіз жеткілікті. Сервис оқытушыға, бастыққа немесе әріптестеріңізге жіберуге ыңғайлы, әдеп шегінен шықпайтын мәтінді заматта дайындап береді. Төтенше жағдайларда эмоционалды стресті азайтып, жағымсыз сәттен абыроймен шығу үшін бұл құралды да бір рет байқап көргеннің айыбы жоқ!

Сервистерге бүкіл оқу процесін толығымен артып қоюға ұмтылмаған жөн. Оларды уақытты шынымен үнемдейтін жерде – ақпарат іздеуде, күрделі тақырыптарды талдауда, үлкен мәтіндермен жұмыс істеуде және жоба нобайын дайындауда қолданған әлдеқайда пайдалы. Технологиялар тапсырманы сіздің орныңызға істеп бермейді, тек орындауды едәуір жылдамдатады.

Дайындаған: Т. СЕЙІТХАН,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ҰСТАЗДАР мен ОҚУШЫЛАРға арналған республикалық белсенді БАЙҚАУЛАР
ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Кім бірінші кешірім сұрайды?
Асүйге ең ЫҢҒАЙЛЫ әрі ҚАУІПСІЗ тақтайды қалай таңдаймыз?