“Реал” мен “Барселона” матчынан кейін футболшылар қақтығысып қалды

0
310

Матчта "Реал" "Барселонаны" 2:1 есебімен жеңді.


“Реал” мен “Барселона” матчынан кейін футболшылар қақтығысып қалды

Фото: Желі кадрларынан скрин

ERNUR.KZ. Лиганың 10-турындағы тартысты “Реал” мен “Барселона” матчынан кейін футболшылар сөзге келіспей қақтығысып қалды, деп жазады stan.kz.

Матчта "Реал" "Барселонаны" 2:1 есебімен жеңді. Алайда ойыннан кейін алаңда жанжал шықты.

Жанжал “Реал” капитаны Карвахальдың ишарасынан басталған. Ол матчқа дейін көп сөйлеген Ямальға “үндеме” деген белгі көрсеткен. Бірақ Ламин бұл сөзге ашуланып, 33 жастағы қарсыласына жауап қайтара бастаған.

Кейін олардың дауына өзге де футболшылар араласып, олар да өзара келіспей қалған.

“Реал” өз жеңістерін жанжал шығарғандарды алып кеткеннен кейін барып сабырмен атап өтті.