Олимпиада жүлдегеріне найзағай түсті

0
113

Ол медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан алған жарақатынан көз жұмды.


Олимпиада жүлдегеріне найзағай түсті

Фото: en.wikipedia.org

ERNUR.KZ. 2010 жылғы Ванкувер Олимпиадасының қола жүлдегері, норвегиялық фристайлшы Эудун Грёнвольд найзағайдан қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

vg.no сайтының мәліметінше 49 жастағы спортшыны найзағай соғып, ауруханаға жеткізілген. Алайда ол алған жарақатынан көз жұмды.

«2007 жылы Грёнвольд әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды және жалпы Әлем кубогында жеңіске жетті», - деп жазды портал.

2010 жылы Ванкувер Олимпиадасында шаңғы кросынан қола медаль иеленді. Сол жылы Грёнвольд карьерасын аяқтап, шаңғы кросынан Норвегия ұлттық құрамасының жаттықтырушысы болды.

Еске сала кетейік, Ұлттық баскетбол қауымдастығының (NBA) жұлдызы Коби Брайант Калифорнияда тікұшақ апатынан қаза тапқан болатын.

Даңқты спортшы 42 жаста еді. Онымен бірге 13 жастағы қызы да көз жұмды. БАҚ-тың мәліметінше оқиға орнынан 5 адамның денесі табылған.