Мбаппе шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды

0
126

Енді Мбаппе 22 маусымда өтетін мексикалық "Пачукаға" қарсы матчта алаңға шықпайды деген болжам бар.


Мбаппе шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды

Сурет: Instagram/realmadrid

ERNUR.KZ. 19 маусым күні "Реал" футбол клубының француздық шабуылшысы Килиан Мбаппе АҚШ-тағы клиникалардың біріне өткір гастроэнтерит диагнозымен шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды, деп жазады zakon.kz.

Белгілі болғандай, қазіргі таңда "корольдік клубтың" шабуылшысы АҚШ-та жүр, онда Клубтық әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Турнирдің алғашқы ойынында Мбаппе денсаулығына байланысты алаңға шыққан жоқ. Осылайша, ол Сауд Арабиясының "Аль-Хиляль" клубына қарсы кездесуді жіберіп алды.

Кейіннен Мбаппе өзін жайсыз сезініп, қонақүйдегі бөлмесінде оқшауланған болатын.


"Килиан Мбаппе өткір гастроэнтеритпен ауырып қалды, ол бірқатар тексеруден өтіп, қажетті ем қабылдау үшін ауруханаға жатқызылды", – делінген "Реалдың" баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Енді Мбаппе 22 маусымда өтетін мексикалық "Пачукаға" қарсы матчта алаңға шықпайды деген болжам бар. Дегенмен, ол 27 маусым күні "Зальцбургпен" өтетін ойында алаңға шығуы мүмкін.

Бұған дейін "Атлетиконың" "Сиэтл Саундерсті" ойсырата жеңгендігі хабарланған болатын.