“Манчестер Сити” “Ювентусты” тас-талқан етіп, жаңа рекорд орнатты

0
150

Клубтық әлем чемпионатының 1/8 финалының барлық қатысушылары анықталды.


“Манчестер Сити” “Ювентусты” тас-талқан етіп, жаңа рекорд орнатты

ERNUR.KZ. Англияның “Манчестер Сити” командасы клубтық әлем чемпионатының 2025 жылғы маусымындағы G тобының 3-турында Италияның “Ювентусын” 5:2 есебімен ойсырата жеңіп, өз тарихындағы тағы бір межені еңсерді. Аталмыш матч клуб үшін тек турнирлік маңызымен ғана емес, тарихи нәтижесімен де есте қалмақ, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл "Ситидің" "Ювентус" қақпасына бір ойында алғаш рет 5 гол соғуы. Бұған дейін ағылшын гранды туриндік клубпен өткен жеті кездесудің бірде-бірінде бір голдан артық соға алмаған еді.

Ал "Ювентус" соңғы сегіз матчтың жетеуінде қарсылас қақпасын дәл көздеп келгенімен, бұл жолы қорғаныстағы осалдығы қымбатқа түсті. Соған қарамастан, екі команда да топтық кезеңді сәтті аяқтап, плей-оффқа жолдама алды: "Сити" H тобының екінші орнын иеленген ұжыммен, ал "Ювентус" бірінші орын алған командамен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, "Манчестер Сити" сапында Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдуқодир Хусанов өнер көрсетеді. Ол бұл маусымда команданың негізгі қорғаныс тіректерінің біріне айналып үлгерді.