Қазақстан таеквондодан командалық Әлем кубогында екінші жүлдесін жеңіп алды

0
149


Қазақстан таеквондодан командалық Әлем кубогында екінші жүлдесін жеңіп алды

Фото: olympic.kz

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы таеквондодан Чхунчхон қаласында (Оңтүстік Корея) өткен командалық Әлем кубогында екінші медалін жеңіп алды, деп жазады inbusiness.kz.

Аралас командалық сайыста қола жүлде үшін өткен бәсекеде жерлестеріміз Таиланд құрамасын 2:1 есебімен жеңді. Осылайша қола жүлдегер атанды.

Команда сапында Аружан Найманбаева, Аида Таукенова, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов, Батырхан Кусетов сынға түсті.