Қазақстан таеквондо құрамасы Әлем кубогында қола жүлдегер атанды

0
161

7-9 шілде аралығында Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таеквондодан командалық Әлем кубогы өтіп жатыр.


Қазақстан таеквондо құрамасы Әлем кубогында қола жүлдегер атанды

ERNUR.KZ. Чхунчхонда өтіп жатқан таеквондодан командалық Әлем кубогында Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлдеге ие болып, жыл соңындағы басты турнирге жолдама алды, деп жазады inbusiness.kz.

Құрамамыз сапынан Бекасыл Ергеш, Нұрбек Ғазез, Абдрахман Марипов, Мерген Ғаниев ел намысын қорғады.

Қола үшін жекпе-жекте қазақстандықтар Марокконы 2:1 есебімен жеңді. Бұған дейін жартылай финалда Оңтүстік Кореяға 1:2 есебімен есе жіберген болатын.

Ал, әйелдер құрамасы ширек финалда Қытайға 0:2 есебімен жол берді.