Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы кездесуін 15 қараша күні өз алаңында Бельгия құрамасына қарсы өткізеді.
Фото:Kazfootball.kz
ERNUR.KZ. Алматылық клубтан ұлттық командаға шақырту алған Дастан Сәтпаев, Темірлан Анарбеков, Еркін Тапалов және Дамир Қасаболат Бельгияға қарсы өтетін ойынды аяқтаған соң Алматыға қайтады, деп жазады stan.kz.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы кездесуін 15 қараша күні өз алаңында Бельгия құрамасына қарсы өткізеді.
Бұл ойыннан кейін "Қайрат" ойыншылары ұлттық құраманың Хорватияда өтетін, Фарер аралдарына қарсы жолдастық матчына қатыспайды. Клубтың мұндай шешімі алдағы Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бесінші турындағы маңызды ойынмен байланысты. “Қайраттықтар” 26 қараша күні өз алаңында Данияның "Копенгаген" клубымен ойнайды.


