"Қайрат" әлемнің үздік клубтарының қатарына енді

0
142

Бұған дейін "Қайрат" футзал клубы УЕФА кубогын екі рет жеңіп алған болатын.


фото: Казахстанская федерация футбола

ERNUR.KZ. "Қайрат" футзал клубы Futsal Awards сыйлығының үміткерлері қатарына енді, деп жазады sputnik.kz.
Алматылық команда әлемнің үздік футзал клубы атануы мүмкін. Қазіргі кезде үміткерлер тізіміне он клуб еніп отыр. Олар:
1. "Лиссабон" (Португалия);
2. "Бинтанг Тимур Сурабая" (Үндістан);
3. "Бока Хуниорс" (Аргентина);
4. "Хонгем Тахам" (Таиланд);
5. "Картахена" (Испания);
6. "Джарагуа" (Бразилия);
7. "Кайрат" (Қазақстан);
8. "Катания" (Италия);
9. "Пальма" (Испания);
10. "Пеньяроль" (Уругвай).
Осы аталымда жеңімпаз 7 қаңтарда салтанатты шарада жарияланады.

Айта кетері, бұған дейін "Қайрат" футзал клубы УЕФА кубогын екі рет жеңіп алған болатын. Бұған дейін олар Еуропаның басты турнирінде финалға дейін жеткен. Бірақ "Пальмаға" жол беріп қойды. "Қайрат" футзал клубы Қазақстан чемпионатында 21 рет жеңген.