Серік 69 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында жеңіске жетті.
Сурет: olympic.kz
ERNUR.KZ. Қазақстандық джиу-джитсу шебері Алдияр Серік Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп жазады zakon.kz.
Серік 69 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында жеңіске жетті.
Финалда қазақстандық спортшы Мохаммед Хураймиланы (Сауд Арабиясы) жеңді.
Бұған дейін 94 келіге дейінгі салмақта Рамазан Құсайынов джиу-джитсудан Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медальға қол жеткізген болатын.


