ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ ТАРИХИ ЖЕҢІСКЕ ҮЛЕС ҚОСТЫ

0
100


ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ ТАРИХИ ЖЕҢІСКЕ ҮЛЕС ҚОСТЫ
ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы стенд атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алды.

Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан ISSF жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық қыздар «Трап» жаттығуы бойынша командалық сайыста жеңімпаз атанды. Олар 337 ұпай (дәл тигізген) жинап, барлық қарсыластарынан озып, әлем чемпионы атанды.

Құрама сапында:
• Элеонора Ибрагимова (Алматы);
• Мария Горун (Алматы);
• Милана Папчихина (Шымкент).

Әлем біріншілігіне 63 елден 778 спортшы қатысуда. Қазақстан намысын 13 мерген қорғап жатыр.

Айта кетейік, қазақстандық стенд ату спорты үшін бұл – тарихи жетістік. Бұған дейін еліміздің жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында мұндай биік нәтижеге қол жеткізбеген.