ШЫМКЕНТ: 18 ЖАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРГЕН ЖАС САЙЛАУШЫ

0
45


ШЫМКЕНТ: 18 ЖАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРГЕН ЖАС САЙЛАУШЫ

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы №51 сайлау учаскесінде Абай ауданының тұрғыны Базарбай Айгерім 18 жасқа толып, Құрылтай сайлауында алғаш рет дауыс беріп, ел болашағына қатысты өз таңдауын жасады.


Жас сайлаушының бұл қадамы – азаматтық белсенділіктің, ел болашағына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Алғаш рет дауыс беру – әр азамат үшін маңызды белес әрі өз конституциялық құқығын жүзеге асырудың мәнді сәті.