Enbek.kz — жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерді байланыстыратын бірыңғай электрондық еңбек биржасы. Портал азаматтарға өз мамандығына сәйкес жұмыс табуға, ал жұмыс берушілерге білікті мамандарды іздеуге және қызметкерлерді жұмысқа қабылдауға мүмкіндік береді.
Жұмыс берушілер үшін:
- Бос жұмыс орындарын Enbek.kz порталына орналастыру;
- Жарияланған бос жұмыс орындары туралы ақпаратты уақтылы жаңарту;
- Қажетті біліктілікке ие мамандарды іздеу және жұмысқа қабылдау мүмкіндігі қарастырылған.
Заңнама талаптарын сақтау маңызды!
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 103-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, жұмыс берушілер бос жұмыс орындары пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде олар туралы мәліметтерді Электрондық еңбек биржасына орналастыруға міндетті.
Жұмыс іздеушілер үшін:
- Қолжетімді бос жұмыс орындары туралы ақпарат алу;
- Білімі мен кәсіби біліктілігіне сәйкес жұмыс табу;
- Түйіндемесін орналастыру;
- Жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнату мүмкіндігі бар.
Шымкент қаласы бойынша Enbek.kz порталында 1 799 хабарландыру аясында 3 647 бос жұмыс орны жарияланған.


