Тесланың «ҒАЛАМНЫҢ КІЛТІ» деп атаған әдісін білесіз бе?

0
227

​Кез келген нәтижеге жылдам жеткізеді.


Тесланың «ҒАЛАМНЫҢ КІЛТІ» деп атаған әдісін білесіз бе?

Фото: dzen.ru

Бүгінде біз қолданып жүрген сымсыз тоқ, радиобайланыс және қашықтан басқару жүйелерін ойлап тапқан Никола Тесланың есімін естімеген адам жоқ шығар сірә?! Ал оның сананы бағдарлайтын 3-6-9 әдісін қолданып көргенсіз бе?

Адамзат санасының шексіз мүмкіндіктерін меңгерген Тесла: «Егер сіз 3, 6 және 9 сандарының құдіретін білсеңіз, ғаламның кілті сіздің қолыңызда болар еді», - деп айтқан. Бүгінде бұл сандардың астарында жатқан мағына жай ғана математика емес, мақсатқа жетудің қуатты тәсіліне айналды.


Ол қандай әдіс? Орындау ережесі қандай? Осы сұрақтар төңірегінде Тесланың бұл жұмбақ әдісін заманауи психология мен нейробиология тұрғысынан талдап, оны күнделікті өмірде қалай қолдануға болатынын түсіндірейік.


Никола Тесла кім?

Алдымен айналасындағы адамдар жұмбақ әрі данышпан тұлғаға теңеген Никола Тесла туралы аз-кем ақпарат берейік. Тесланың миы біз үйренген қалыптан тыс жұмыс істеген. Тесланың ойлау жүйесі визуалды болды: ол кез келген құрылғыны алдымен басында құрастырып, сынақтан өткізіп, қатесін түзетіп, содан кейін ғана қағазға түсірген. Ол туралы жазбаларды, естеліктерді парақтасақ, Тесланың 900 км қашықтықтағы күннің күркіреуін, көрші бөлмедегі шыбынның қонғанын ести алған.

Күніне 2-ақ сағат ұйықтап, қалған уақытының барлығын зерттеу жұмыстарына арнаған. Ол болашақты ойша көре білген, мысалы ол 1926 жылы бір сұхбатында бүгінгі смартфондарды болжап, «Біз бір-бірімізді мыңдаған шақырымнан бетпе-бет тұрғандай көріп, естиміз, ал құрылғы қалтамызға сыйып кетеді» - деген екен.

Тесла 3 санына бөлінетін сандарды жақсы көрген. Сондай-ақ осы сандарға байланысты оғаш көрінетін ритуалдары да болған көрінеді, мысалы ол үнемі қолын 3 рет жуған, 18 беторамалы болған т.б. деседі. Дегенмен бұндай әдеттерін психологтар "Бұл сандар жай ғана ырым емес, бұл фокусты басқару" деп топшылаған.

Тесланың «Егер сіз 3, 6, 9 сандарының құдіретін білсеңіз, ғаламның кілті сізде болар еді» деген жұмбақ сөзін зерттегендер де аз болмаған. Бұнымен оның не айтқысы келгені еш жерде ашық жазылмаған. Бірақ көп ішінде ұлы өнертапқыштың бұл сөзінің астарына үңіліп, әркім әрқалай талдаған. Кейбіреулер ойлау қуаты және визуализация арқылы нәтижеге жету мүмкіндігімен байланыстырып, мұндағы 3 саны - біздің ниетіміз, идеямыз және бастамамыз (Сана), 6 саны - төзімділік, ішкі күш және гармония (Тілсіз сана), 9 саны - нәтиже, трансформация (Ғаламмен байланыс) деп болжайды. Кейбіреу миды бағдарламалау тәсілі дейді.

Осындай пікірлер мен болжамдарды зерделей, бүгінгі мамандар “3-6-9” бұл тек сиқырлы сандар емес, бұл эмоция мен тәртіптің қосындысы және мидың нейрондық байланыстарын жаңа мақсатқа бағыттау тәсілі екенін анықтап отыр. Психология тұрғысынан айтқанда «Ниетті бекіту» және «Зейінді басқару» әдісі. Бұл әдісті кез келген мақсатқа жылдам жету үшін қолдануға болады.


Тесла техникасын орындау ережесі

Бір мақсатты (немесе ниетті) таңертең 3 рет, түскі уақытты 6 рет, ұйықтар алдында 9 рет бір ай бойы жазу.

Мысал: Егер жалақысы жоғары жұмысқа орналасуды (ауысуды) ойлап жүрсеңіз, таңертең «Мен өз ісімнің нағыз маманымын және жоғары жалақы аламын» деп 3 рет жазыңыз.

“Бар болғаны осы ғана ма? Бұның ғаламаты не сонда?” деп сұрақ қойғыңыз кеп отыр ма? Олай болса, нейро ғалымдарының деректеріне сүйеніп, мұнда мидың мүмкіндіктері іске қосылатынын былай түсіндіреміз.

Мақсатты қағазға түсірмейінше ми оған сенбейді. Ал Тесла жүйесі бойынша сіз бір мақсатыңызды күніне 18 рет (3+6+9) жазасыз. Және бір-екі ай күнде 18 реттен бір ниетті қайталап ойлай берсеңіз, жазсаңыз миға «бұл ақпарат өте маңызды» деген сигнал бересіз. Нәтижесінде миыңыз қоршаған ортадан сол мақсатқа жетуге көмектесетін мүмкіндіктерді байқай бастайды, әрекетке итермелейді. Ал мақсатымызды жүйелі түрде қағазға түсіргенде, миымыздағы ретикулярлы активтендіру жүйесі іске қосылады. Бұл жүйе айналамыздағы мыңдаған ақпараттың ішінен тек біздің мақсатымызға қажетті мүмкіндіктер мен адамдарды «сүзіп» алуға көмектеседі. Яғни, бұл сандардың сиқыры санамызды тәртіпке келтіріп, ниетімізді нақты іс-әрекетке ұластыруында жатыр.

Маңызды ереже: Мақсатты қазіргі шақта “менде бар”, “мен жалақысы жоғары жұмыс істеп жүрмін” деп жазу керек. Қысқа, нұсқа және анық жазыңыз. Сонымен қатар нейробиологиялық тұрғыдан жаңа әдет пен ойлау үлгісі қалыптасуы үшін Тесла техникасын 21 немесе 45 күн үзбей орындау қажет.

Сіз бұл тәсіл арқылы өз ойыңызды бақылауды үйренесіз, ал ой күші арқылы небір жетістікке жетіп, тіпті қатерлі дертінен айығып жатқандар бар. Демек ойды басқару - Тесла айтқан «ғаламның кілті».

Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

Көп АҚША қандай адамдарға КЕЛЕДІ?

Аттестация, ҰБТ және емтиханға дайындықта көмектесетін СУПЕР әдіс